Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге құлдырауын жалғастырады

Теңге құлдырауын жалғастырады

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Ұлттық валюта Қазақстан қор биржасындағы долларға қарағанда әлсіреп келеді.

Таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 6 маусымда АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 1 доллар үшін 331 теңгені (+0,73 теңге) құрады. Енді доллар 331,64 теңгеге сатылады. Бұл соңғы үш айдағы ең жоғары деңгей.

Kurs.kz сайтына сәйкес, Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 1 доллар үшін 332 теңгеге сатылды.

The ICE мәліметтері бойынша, Brent маркалы мұнай жасыл аймақта және барреліне 75,69 долларды құрады.

Похожие материалы