АҚШ Украинаға 1 млрд долларға несие кепілдігін беруге дайын. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джозеф Байден украиналық көшбасшы Петр Порошенкомен телефон әңгімесінде мәлімдеді деп хабарлайды Украина президентінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Джо Байден Киевке 17,7 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек беруді ұсынып, Украинадағы реформаларды талқылады деп хабарлайды lenta.ru.
Өз кезегінде Порошенко Байденге Украинаға бірлесіп оқу-жаттығуларын жүргізу үшін америкалық әскерилерді жібергендігіне алғыс айтты. "Екі жақ қорғаныс саласындағы алдағы әрекеттерін, соның ішінде Украинаға қосымша көмек беруді талқылады", - деп атап өтеді Порошенконың баспасөз қызметі.
2015 жылдың қаңтарында АҚШ Украинаға 2 млрд доллар көлемінде несие кепілдігін беретіндігін мәлімдеген еді. Көмек Киев Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) экономикалық реформа жүргізудегі шарттарын орындаған жағдайда көрсетіледі.
2015 жылдың наурызында ХВҚ Киевке 17,5 млрд доллар көлемінде несие беру туралы шешім шығарды. Оның 10 миллиарды осы жылы жіберіледі. 12 наурызда Киевке 5 млрд доллар көлеміндегі бірінші транш келді. 19 наурыз күні Еуропарламент Украинаға елдегі экономиканы тұрақтандырып, реформаларды қолдау үшін 1,9 млрд доллар беруге рұқсат берді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024