Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple iPhone 7 смартфондарын тегін жөндеп беретін болды

Apple iPhone 7 смартфондарын тегін жөндеп беретін болды

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz — Apple компаниясы "желі жоқ" деп қате шыққан iPhone 7 смартфондарын тегін жөндеп беретін болды, деп мәлімдеді Тengrinews.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, әңгіме 2016 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың ақпаны аралығында шыққан және ол Қытай, Жапония, АҚШ пен Гонконгта сатылған құрылғыларға қатысты.

"Желіге қатысты проблемаға соқтығысқан құрылғыларын ақша беріп жөндеткендер Apple компаниясына хабарласып, шығындарын қайтарып беруді талап ете алады. Компания мамандарының өздері де кемшілігі бар iPhone 7 смартфондарының иелерімен хабарласады. Егер клиенттер наурыз айының соңына дейін хат алмаса, Apple-ге өздері хат жазулары тиіс", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, компания ақпан айынан бастап бұрын қолданылған және қалыпқа келтірілген iPhone 7 және 7 Plus смартфондарын сатуды бастады. Ондай смартфондар АҚШ-та ғана бар, бұрын ұсталған телефондарды сатып алу арқылы 50-70 доллар үнемдеуге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та Apple компаниясының iPhone 6 Plus смартфондарын iPhone 6s Plus өзге модельдеріне тегін ауыстырып беріп жатқаны хабарланған еді. Сонымен қатар, Apple компаниясының өкілдері iPhone 6, 6S және SE смартфондарының жұмысын бәсеңдететіндерін көпшіліктің алдында мәлімдеген, осылайша олар аккумулятордың тез отырып қалуынан сақтап, оның ұзақ уақытқа жетуін қамтамасыз етеді. Бұл мәлімдемеден кейін, компанияның бүкіл әлемдегі тұтынушылары сотқа арыздана бастаған. Осыдан кейін корпорация iPhone ескі модельдерінің батареясын ауыстыру құнын түсіру жөнінде шешім қабылдады.

Қания Табыс

  Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы