Алматы. 24 қазан. 7kun.kz – Ақтауда «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға 7 миллиард теңге бағытталады.
Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына сәйкес, «7-20-25» бағдарламасы бойынша, екінші деңгейлі банктермен 1 миллиард 600-ге 194 өтінім қолдау тапты. 2018 жылы қалада 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Қазіргі таңда 114 тұрғын бағдарлама аясында баспаналы болды. Сонымен қатар, 200-ге жуық өтінім мақұлданды. Жыл соңына дейін 2300 пәтер өз иесіне тапсырылады.
Айта кетейік, жалпы, «7-20-25» бағдарламасы бойынша қазір Астана, Алматы, Ақмола, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары көш бастап тұр. Тізімнің соңында Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.