Әншейін немесе қалдық құны несиеге сатылатын жекешелендіру тәсілі бір қарағанда дұрыс сияқты, өйткені халық арасында әлеуметттік наразылықты болдырмайды және ол қысқа мерзімде жүргізіледі, ваучер, акцияға қосымша шығындарды қажет етпейді. Бұл жолы барлық проблемаларды кейінге қалдырды, оны жақтаушылар жекешелендіруді байқамайды, одан алшақтайды, ал жекешелендіру – тек мемлекеттік меншікті жеке кәсіпорындарға беру емес, капиталдың құрылымдық қайта құрылуы, ол үшін белгілі көлемде қаржы қажет. Ал бұл кедейленген халықта жоқ, дүниеге жаңа кемен тақыпкерлердің қаржы – қорлары жеткіліксіз. Мұның үстіне тәжірибе көрсеткендей «ешбір жерде еңбек ұжымына меншікті әншейін беру керек, олар басқаларға қарағанда оны жақсы пайдаланады» деген аргумент кең тараған емес.
Бүгінде Қазақстандағы мемлекеттік иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы негізінен ресейлік үлгіні қайталайды. Купондық жекешелендіру мақсаты біздерді үміттендіреді әрбіреуі мемлекеттік игіліктің бір бөлігін алады сөйтіп әркімнің ұлттық өнімді өндіруге қатысты болуы керек. Кәсіпорындардың нарықтық құны өндірістің рентабельділігіне қатысты. Қазір өнеркәсіптегі кәсіпорындардың үштен бірі, ауыл шаруашылығындағылардың жартысы шығынмен істейді, қалғандардың біразы рентабельділігі төмен. Егер рентабельділік өлшемімен қарасақ, Қазақстанның ИЖҚ – ларының құны нөлге тең. Шығынмен істейтін кәсіпорындар олардың құрал – жабдықтары мен қозғалмайтын қорлары, егер соңғыларын нарықтық бағамен сатсақ және түскен қаржыны ИЖҚ – ның иелеріне бөлсек арзан емес. Және шығынға ұшырады деген кәсіпорындар шынында банкрот емес. өз кезінде олардың басшылары кәсіпорындарды сөзсіз күйреуден сақтау үшін, кәсіпорындар негізінде «қосалқы» кіші кәсіпорындарын құрды, ал бұған оларды мемлекеттің экономикалық саясаты әкелді. Мұндай кіші кәсіпорындар мен коммерциялық фирмалар «кіру мен шығу есікткріне» тосқауыл қойды, жабдықтарды өнімді өткізуді өз міндетіне алды, табысты бөлуді де сөйтті. Кәсіпорын формальдық жағынан банкрот болады, ал іс жүзінде онда отырғандарда құрылымдар борышы мен инвесторларға тарайтын қаржылары бар. Бүгінгі экономикалық жағдай оларға тиімді, кәсіпорынның банкрот болғанына қарамастан, бұл факторлар жекешелендіру барысында назарға алынбайды, әсіресе өндірісті бағалау, қалдық баланс жасағанда. Купондық жекешелендірудің ең басты кемшілігі мемлекеттік жекешелендіру қоры жүргізілген аукциондарға жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары шығарылады. Қазіргі кезде бұл өнеркәсіп саласының кәсіпорындары аз пайда келтіретіндер, олардың техникалық жарақтануы әлдеқашан ескірген, өндірістік қорлар тозған.
Жаппай жекешелендіру тәсілін проблеманы шешудің ең әділетті жолы деп жариялауда, өйткені ол жүзеге асқан жағдайда барлық азаматтар жекешелендірілген мүліктен тең көлемде үлес алатын еді. Сонымен қатар реформаның бастапқы кезінде жүздеген кәсіпорындардың акциясына баға белгілеу прблемасы болмас еді. Меншік құқылығы экономикалық баға немесе талдаудан бұрын болатын еді. Ең соңында, процестің тез болуы заңсыз жекешелендіруді болдырмайды, сонымен қатар жекешелендіруді созуға болатын мүлік бұйымдарына жол бермейді.
Соңғы кезде Қазақстанда шетел капиталын қатыстыратын бірлескен кәсіпорындар құру процесі кең қанат жаюда. 1995 жылдың бірінші қаңтарында республикада 2025 бірлескен кәсіпорындар тіркелді. Олардың экспорты 223,9 млн. доллар. Бірлескен кәсіпорындар экспортының шикізаттық бағыты басым, экспорттық 98% - і шикізат пен материалдар. Ипорттың тауар құрылымында халық тұтынатын тауарлар үлесі 46% машина және жабдықтар 28% шикізат пен материалдар 18%. Қорытынды: шетел инвестициясына қазіргі заманғы технология алдыңғы қатарлы басқару мен маркетинг үшін қажет. Бірақ шетел капиталы арқылы өндірістің құрылымын және оны басқаруды қайта құрамыс деген үміт негізсіз. Шетел капиталы ұлттық экономиканың « ашықтығын», дүниежүзілік шаруашылық интеграциясына ендіру жолы деп қарауы тиіс. Ол отандық кәсіпкерлердің нарықтық қатынастарға бейімделу тәсілі, әлемдік өлшемге сәйкес шаруашылық қызметін реттеу әдісі ретінде қарау керек. Аралас экономика құру барысында бұл ең маңызды мәселе. Мұнда басқа факторлардың орны ерекше. Осылардың ішінде адамдардың жаңаны қабылдауы, экономикалық мінез- құлқы мен ойлау мәдениеті, шеберлілігі. Сонымен қатар шетел капиталының нақтылығы мен несие ағымын бақылау керек. Жаңа өндірістік қуаттарды жасау үшін өндірістік капитал, оның заттай түрін импорттау керек.
Соңғы кезде шетел кәсіпкерлерінің үлкен тобының «барлығын түбірімен сатып» алуы көбейіп келеді. Сондықтан шетелдік – контрагенттерді барынша таңдау керек. Шетелдік қатысушыларға қолайлы объектілерді дәл таңдаудың да орны ерекше. өйткені батыстық кәсіпкерлер әлбетте өздерінің капиталдарын әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп тұратын ғылыми – техникалық потенциялы бар салаларға жұмсалды. Қазақстан Республикасы әзірге технологиялық өсу жолында көп қиындықты көруде, сондықтан қазіргі таңда бізге инвестициялық өсу типі тән.
Бұл мақсатқа жету үшін көптеген жағдайлар, алғы шарттар қажет. Алдымен экономиканың инвеститциялықретінің негізгі қозғаушы күші кәсіпкерлік қызметті дамыту керек. Қазақстанда аралас экономикның негізін қалай отырып біз нарықты елестетеміз. Ол жарнама – реклама, маркетинг, жоспарлау және басқа да ұйымдастыру шаралары арқылы ірі орталықтар мен кіші фирмалардың қызметін тиімді ету.
Жекешелендірудің бағдарламалары мен заңдылықтарын салыстырмалы таңдау мынаны көрсетті.”Қоғамдық жүйені түптілікті демократиялаудырудың жақтаушылары дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік меншікті “таратып”, оны денацианализациялау және жеке меншікке көшу”, - дейді. Мұнда ұжымдық және мемлекеттік меншікке баса назар аударылған. Шынында, мұнда жеке артықшылықтар берілген, тіпті ұжымдық болса да, белгілі топтың жеке меншігі. Бұл жекешелендіруді бастапқы сатасында ақтау болады, бірақ бірден – бір бағыт деу дұрыс емес ол қордаланған проблемалардың бәріне шеше алмайды. Қоғамдық өндірістегі шаруашылықтың ұжымдық түрінің маңызын аралас экономиканы құрудың алғы шарты ретінде сақтау абзал.
Екіншіден, нарыққа көну барысында барлық еңбекшілердің құннық қатынастар заңымен жұмыс істеп, өмір сүруді талап ету мүмкін емес, оның себебі олардың еңбек, әлеуметтік, жас ерекшеліктері сияқты және т.б. еңбектерге байланысты. Осы себептерден жекешелендіру түрінің құрылымында өзгерістер байқаладыМемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке немесе ұжымдық етіп өзгертуде халық ұжымдық шаруашылық жүргізу түрін қалауда, олардың ішінде акционерлік, ұжымдық кәсіпорындар бар.
Қазақстанда «Сұңқар» сияқты акционерлік қоғамдар баршылық. Кәсіпорындарды акционерлеу процесі оларда кездесетін проблемаларды шеше алмайды. Олар:
а) жаңа инвестицияны қатыстыру;
б) өзіндік құнды кемітуді;
в) ескі басшылықты жаңа, прогрессивті басқару әдісімен ауыстыруды;
г) жаңа инвестиция мен жаңа басқару өздерімен бірге жаңа технологияны әкеледі.
Шағын жекешелендіруді қабылданған бағдарлама бойынша жалғастыру жеке кәсіпкерлерді алғашқы қолдану процесінде ынталандырады. Өтпелі кезеңдей кәсіпкерлікті дамытудың әсемдік тәжірибесін таңдау мемлекеттің экономикалық қызметтікүшейтуді қажет ететінін көрсетті. Ол мыналардан көрінеді: жиынтық ұсынысты ынталандыру, инвестицияны реттеу,тиімді салық және т.б. жасау. Осы тұрғыда мемлекеттік меншіктің көбіне дейін дамудың экономикалық жағынан жүйелі екендігін сипаттайды. Оның өзіне тән заңдылықтарға қаржы заңдылықтар туралы және ұжымдық өндірістік заңдарға арқа сүйеді.Аталған заңдылықтарда қазіргі қоғамның ерекшеліктері меншікпен бірге меншіліктің ұжымдық, жеке және басқа да меншік түрлері бар. Өнінішке орай, кезінде осы ерекшеліктер ескерілмеді, кеңестік шаруашылық жүргізу жүйесін күйеуге әкеледі. Бұл механизм экономикалық саясаттың негізін қалап, халықтың ойлауын анықтайды.
Сонымен шаруашылықты басқарудың әкімшілік тәсіліне көшудің алдында камерцияның сатысы болады, яғни кәсіпорындардағы ағымдарды және инвеститциялық шаруашылық қызыметтерін қатаң өзін - өзі қаржыландыру және өзін - өзі басқаруға көшіру. Мұндай жолмен соғыстан кейінгі жылдарда Жапония экономикасы жүрді.
Қазақстанда жекешелендіру тәжірибесі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, жекешелендірудің басты нәтижесі меншікті ауыстырумен емес, шаруашылықты жүргізуді түбегейлі өзгертуге байланысты: кәсіпорындарда толық жауапкершілік пен дербестік беру, мемлекеттік субсидиядан бас тарту. Екіншіден, мемлекет меншікті акционерлеу арқылы жекеменшікке көшу, мұнда мемлекеттік бақылау қажет. Коммерциялаудың мақсаты – нарықты құру, өндірушіні нарық нышанына айналдыру, өнімге ресурстарды негізгі өндірістік қорларды ұдайы өндіруге бара беру. Үшіншіден, жекешелендірудің әлеуметтік салдарын есепке алу, барлық жұмысшыларды шаруашылық жүргізу белсенді қосу. Төртіншіден, дұрыс жасалған заң актілерінің болуы, олар коммерция мен жекешелендіруді Қазақстан экономикасын құрылымдық капитализациялауға көшу сатысының меванизмін реттеулері керек.
Қорытынды
Шаруашылық жүргізудің жүйесін қайта жаңғыртудың пісіп жетілген қажеттілігі КСРО – ның ыдырауымен тұспа – тұс келді. Бірақ бұл негізінде қоғамдық көрініс қана еді. Кеңестік шаруашылық жүргізу жүйесі іс – әрекеттері, түктеп кеменде, қарышты дамуды қамтамасыз етпейтін дәлелдеді. Сондықтан қоғамдық өндірістің даму тенденциясы мен оның қоғамдық қатынастарды реттеу заңдылықтарын есепке алу қажет.
Шаруашылық жүргізу жүйесін түбегейлі жаңғырту барлық кездерде де туындаған, бірақ осы мәселелердің шешімін табу жолдары шаруашылық жүргізудің өмір сүріп отырған құрылымына бейімделумен басталып, қоғамдық өндірістің шынайы жағдайына сәйкес айқындалатын, сыртын ғана сылап – сипаумен басталған өзгерістер өндіріс тәсілінің өзіне түбірлі бетбұрыс жасаумен аяқталып отырды.
Ұжымдық өндірістер жағдайындағы тауарлы қатынастар туындап отырған мемлекеттің экономикадағы функциясы мен рөлінен, оның қоғамдық өндіріске ықпал ету формалары мен тәсілдерінен көрініс бермей тұрмайтын күрделі эволюцияны ескерген абзал.
Аралас экономикалық қалыптасу диалектикасы өндіргіш күштердің даму деңгейінен туындап, индустриалдық және постиндустриялдық кезеңдердегі машиналардан, ірі өнеркәсіптен белгі беретін монофактуралық еңбек бөлінісінің даму деңгейінен көрініс табады.
Аралас экономиканың бір кезеңінен екіншісіне өту процессі оның жеке тұстарының бедерленуімен ғана емес, құн модификациялары мен жоспарлылықтың өнімдік формаларымен де сипатталады. Олар өндірістік күрмелеулерден нормативтік бағаға дейінгі аралықта қайта пайда болып, шаруашылық жүргізу барысында кіргізуді, үйлестіруді орайластыратын шаруашылық жүргізудің біртұтас механизмін жасайды. Шаруашылық жүргізудің мұндай механизмі түрлі экономикалық тұтқалар арқылы жоғары өндірістік процесті реттеп отыратын экономикалық орталық құруды ойластырады.
Жекешелендіру мен мемлекет меншігінен алу прцесі бізде өзіндік айырмашылыққа ие, ол мыналармен айқындалады, бұл процесс жеке меншіктік, капиталистік шаруашылық жүргізу жүйесінде емес жеке іскерлік атымен жоқ мемлекеттендірілген жүйеде өтуде.
Бұл жағдайда жылдам жекешелендірудің қажеттілігі болғанымен шаруашылық жүргізу қызметін әкімшілік жолмен реттеуден жеке салалық көзқарастан бас тарту арқылы айқындалатын өткелі уақыт қажет, көптеген ұсақ кәсіпорындары бар бәсекелестік принципінде дербес шаруа жүргізетін дифференцияланған концерндер құру керек.
Қайта жаңғыртулар қалайда шаруашылық жүргізудің формалары мен тәсілдеріне өзгеріс әкелді, мұнда жеке іскерлік, кәсіпкерлік мемлекеттік меншікпен өзара байланыса және ұштаса отырып жеке тұлғалық және акционерлік шаруашылыққа ойыса бастайды. әрбір кәсіпорынның кәрменділігін айғақтайтын критерилерге өзіміз мәлім еркін тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік күреспен реттеліп отыратын пайда жататын болады. Кәсіпорындардың өздерінде жоспарлы түрде шикізат пен материалды сату, тауар өндіріп, оны тұтынушыға жеткізу ісі жақсы жолға қойылатын болады. Мемлекетті белсенді нарықтың экономикаға алып келеді.
Аралас экономиканы қалыптастыратын элементтерге талдау жасау оның көп қырлығын көрсетеді. Аралас экономиканың қалыптасуы мен өмір сүру мәселелерінің кейбір тұстары арнайы зерттеуді қажет етеді. Аралас экономиканың қалыптасу негізінің заңдылықтарын ары қарай шығару, экономиканың ары қарай даму барысында ғылыми тұрғыда тағы да тереңірек ой жүгіртуді қажет ететін жаңа тұстар, элементтер, заңдылықтар пайда болары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан 2030 Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
- Г.В. Пиханов, Таңдамалы философиялық шығармалар.
- Ержан Жатқанбаев, Аралас экономика негіздері, 1996.
- КазНу хабаршысы, 2004 №1.
- Агропромышленный комплекс Казахстана, 1992.
- М.В. Сокович, Жоспарлылық пен тауарды салыстыру келіспейді.
- Қазақстан Республикасы мем. Мүлік комитеті ГПФ 10, аукцион материалдары, 1995 23 қаңтар.
- Т. Алшынбаев, Где конец беспределу, журнал Казахстана: экономика и жизнь, 1992 №3.
Тэги:
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024