Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады
Ұзақ мерзімді жоспарлауды құруды негізгі күрделі мәселе деп есептеуге болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады:шаруашылық қызметтің тәуекелі мен болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызметкерлердің, эксперттердің тартылуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің екінші түрін шет елде және өзімізде жинақталған тәжірибені қолдану арқылы, сонымен қатар ЭЕМ көмегімен шаруашылық қызметі көп вариантты ұқсас есептеулер жолымен төмендетуге болады.
Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді жоспарлау әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
б) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
в) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
д) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемелекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен, сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлскеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша-ның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның қаржылық жоспарлау ерекшеліктерін белгілеу болып табылады. Курстық жұмсытң алдына мынадай міндеттер қойылды:
- қаржылық жоспарлаудың мазмұнын ашу
- қаржылық жоспарлаудың объектісін белгілеу
- қаржылық жоспарлаудың негзгі ерекшеліктерін анықтау
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Қаржылық жоспарлау туралы түсінік
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері
Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл каржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-тендік дамуына жетуге, біртүтас ұлттык, шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, коғамдык өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың озіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық үдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысаныңда жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын озара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің ксшенді жүйссін жасауды, ақша түсімдерін жүмындырудың прогрсссивті нысандарын қолдануды қажет стеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржынық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте үқсас үғымдар экономикалық әдебист псн практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нүсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро- және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) . Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақтандалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, бслгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
1.2 Қаржылық жоспарлаудың объектісі
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлскеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша-ның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық қүбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып өткен жылдардың саныңа бөледі);
б) нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептслуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысаның алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сүраным мен үсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
1.3 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бүрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нөтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың скі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және үзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бүрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының түжырымын жасайды.
Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына каржы жүйссін (құрамын) дамыту мен жстілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
- экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
- корреляциялық-рефессиялықталдау;
- тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
- бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, өміршіл өдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңінен қолданыңатын болады.
Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін. Қаржылық жоспарлаудағы предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеумеггік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
2 Тарау. Қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
2.1 Қаржылық жоспарлау кезеңдері мен олардың ерекшеліктері
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мөліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістермен шығыстардың нақтылы турлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сөйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
2.2 Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын қүрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысаныңың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы ондіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік- мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, түтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, үзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражатарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мөдени шараларға жұмсалатын шығастар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және үзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.
Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтың қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-кредит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министрліктер мен ведомсволарға нақтыны бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да сондай. Бұл баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды үтымды бөлудің қажеттігінен туындайды.
Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалытасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып, оларды үйлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпымемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функцияларын, оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Бюджет баланс нысаныңда жасалады, онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сөйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына, бюджет қаражаттарының үтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы балансынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес, тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдердің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.
Шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі мен қаржы жүйесінің барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Мемлекеттік сақтандырудың жиынтык, қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апаттарды ескертумен және оның зардаптарын жоюмен байланысты үйғарылған шығындарды анық-тайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті (түгелдей КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне қамтылатын) әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарын, кәсіподақтардың,республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС-тің орта-лықтандырылған қаражаттарын біріктіреді.
Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиынтық қаржы жоспарлары да жасалды. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарынан басқа мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары есепке алынды.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпымемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Жүртқа мөлім, көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арналымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.
Салалық (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрлікгерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің (ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.
Аумақтык, қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомствоға қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпы мемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық байланыстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі үштылығына (неғайбілдігіне) байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезенде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс. Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жос-парларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны өр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке-дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып келетіндігі, осыдан барып олардың айрықша арналымын — бұл объектінің кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нөтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды анықтау.
Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай-ақ мемлекетпен және үдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншікті фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.
Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік қаржынандыру) қаржынандыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концерндер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар және т.с.с.) топтастырған орынды.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буыныңың өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Үжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммер-циялық (шаруашылық) есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бүрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығыңдар анықталатын. Баланстың "Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым-қатынастары" бөлігі (алғашқы екі бөлімді - "кірістерді" және "шығыстарды" теңестіруші) бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен қаржыландыруды көрсететін.
Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен бөлінетін қаржы кірістердің құрамына, ал бюджетке төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.
Кәсіпорынның кірістері мен шышстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық - қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер — ақша қаражаттары-ның айналымдары болмайды.
Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу (бекіту) арнаулы қаржы жоспарында — төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. "Түсімдер" бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс, банкгердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. "Шығыстар" бөлімінде тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды тәлеуге, банк несиелерін өтеуге, кредит үшін пайыздарды тәлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде (бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Төлем күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін нақтылау мен олардың дәйектілігі жайында кірістер мен шығыстар балансын толықтырады, бұл олардың уақыт-тылығын қамтамасыз етеді.
Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын мен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағүрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыноғын бағалауды (рынок болжамы), маркетинг стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және зандық жоспарларды, тәуекелдікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды -өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және фафигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын) қосымша жасайды.
Сөйтіп, нарықтық ортада қаржынық жоспарлау анағүрлым жоғары сапалық деңгеңде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттык, базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.
2.3 Қаржылық көрсеткіштер және олардың ерекшеліктері
Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:
- өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;
- өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;
- жалпы табыс;
- кезең шығысы;
- негізгі қызметтен тусетін табыс (зиян);
- табыс салығының сомасы (төленген);
- таза табыс (немесе зиян).
Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері болып табылады:
- инвестициялар көлемі;
- жарғылық капиталдың мөлшері;
- өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе соларға үқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;
- жабдықтаушынармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер);
- төленген дивидендтердің, үлестердің мөлшері;
- айналым қаражаттары көздерінін көлемі.
- Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табынады:
- табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;
- акциялар бойынша табыстынық;
- негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, негізгі құрал-жабдықтар айналымдылығының коэффициенті, айналымның ұзақтығы);
- өтімділіктің көрсеткіштері.
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады.
Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданыңады.
Жиынтык, қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардың үлес салмақтары; бюджеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшынығының ұлттык табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.
Ұлттык, шаруашылық деңгейіндегі қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділілігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланыңады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ец төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда - жеке-дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.
Қаржы нормалары мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп-қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп-қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп-қисаптықтарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және түтыну қорларын, негізгі қорларды (капиталдарды) жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай-ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған - түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нор-малары мен нормативтері.
Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Сөйтіп, қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.
Қорытынды
Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, бслгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлскеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сүраным мен үсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланыңады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ец төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда - жеке-дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысаның алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сүраным мен үсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Байгісиев. М.Ә. «Халықаралық экономикалық қатынастар.ң Алматы. 1998.
- Балахметова. Г. «Транзитная экономика.ң 2001.
- Н.Назарбаев. «Рынок и социально экономическое развитиең Москва. Экономика. 1994 200-бет
- Суворов Н.В., Емельянов С.С. Макроэкономический анализ технологических и структурных изменений в отечественной экономике // Проблемы прогнозирования. – 2000. - №5.
- Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учеб. пособие. – М.: ПРИОР, 2001
- “Прогнозирование и планирование экономики” – под редакцией Борисевича В. М. - Минск: Экоперспектива, 2000.
- Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учеб. пособие для ВУЗов / Под. ред. Т.Г. Морозовой, А.В. Пикулькина. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2000
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятий: 2-е изд. Переработано и допол. – М. ИП. "Экоперспектива" 2000г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024