Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — 31 мамыр күні AsiaCredit Bank пен Capital Bank Kazakhstan акционерлері Tengri Bank-ке қосылуы туралы мәселені талқылайды. Бұл туралы KASE жариялады.
Үш банк акционерлерінің отырысы 31 мамыр күні өтеді.
Жиында банктердің бірігуі мен акцияны айырбастау коэффиценті, акцияларды алу тәртібі мен мерзімін де бекіту көзделген.
Айта кетейік, Tengri Bank-тің ірі акционері Punjab National Bank (41,64%). Ал «AsiaCredit Bank» АҚ-ның ірі акционері бизнесмен Нұрбол Сұлтан (99,9%). Capital Bank Kazakhstan-ның жалғыз акцонері - Орифджан Шадиев.
Ұлттық банктің 2019 жылдың қаңтар-ақпан айындағы есебіне сүйенсек, Tengri Bank актив көлемі бойынша 28 банктің арасында 20, AsiaCredit Bank - 22, Capital Bank Kazakhstan- 23 иеленді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024