Алматы. 15 шілде. 7kun.kz - 2018 жылы Елордада әлеуметтік шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 9,4 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, мәдени іс-шараларға 1,9 млрд теңге жұмсалды. Келесі жылдары бұл қаражат шамамен 1 млрд қысқарады.
Ал Алматыда концерттер мен басқа да мерекелік кештерге 4 млрд теңге кетті. 2019 жылы бұл сома 1,5 млрд теңгеге азаяды. Алайда Астанаға қарағанда бұл мегаполис жергілікті бюджеттен спорттық шаралар өткізу үшін едәуір көп қаражат жұмсайды.
Ал жаңа мегаполисіміз Шымкентте тұрғындардың демалысына бөлінген шығын бір жылға нақтыланған бюджеттен аспайды. Бұл қаланың әлеуметтік, мәдени, спорттық іс-шараларға жұмсаған қаражаты 500 млн теңгеден аспайды. Сәйкесінше, өткізілетін кештер мен шаралардың саны Алматы мен Астанаға қарағанда аз.
Естеріңізге сала кетейік, Астананың 20 жылдығын тойлау үшін республикалық бюджеттен 18,8 млрд теңге бөлінген болатын. Бұл қаражат елордамызда өткен 85 іс-шараға жұмсалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024