Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда терминдердің электронды қоры құрылады

Қазақстанда терминдердің электронды қоры құрылады

Қазақстанда терминдердің электронды қоры құрылады. Бұл туралы Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директоры лауазымын атқарушы  Қонысбай Әбіл мәлімдеді.

Оның сөзінше, бағдарламаға сәйкес 2014 жылы қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі 20%-ға, 2017 жылға қарай - 60%-ға, ал 2020 жылға қарай - 100%-ға жеткізу міндеті алға қойылған. «Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін орталық терминдердің электрондық қорын құру бойынша ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жасауда. Порталдың негізгі мақсаты - тілтанушы ғалымдарға бірлесіп жұмыс жасауға арналған платформа құру, сонымен қатар ізденушілерге қазақ терминологиялық қорындағы терминдердің аудармасы мен этимологиясына қол жетімділігін арттыру», - деп атап өтті Қ. Әбіл. Маманның түсіндіруінше, аталған жоба  әлемдік тәжірибені, туыс тілдердің моделін, халықаралық терминдерді қолдана отырып жасалуы керек. Сонымен қатар жаңадан бекітілген терминдердің БАҚ-та жариялану жиілігіне мониторинг өткізіліп тұруы қажет.

Похожие материалы