Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банк картасын рәсімдеуге қойылатын талап күшейеді

Банк картасын рәсімдеуге қойылатын талап күшейеді
Енді клиенттерге карта беретін банктерге бірнеше талап қойылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бұйрығы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жаңа жоба қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдарды және дропперлікті (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының, онлайн/интернет-казинолардың қызметін ұйымдастыру) барынша азайту үшін әзірленді.

Құжатта клиенттерге қашықтан қызмет көрсету және дропперлік схемаларға тарту тәуекелдеріне ұшыраған клиенттерге қатысты мониторингті күшейту, комплаенс-бақылау басшыларының жауапкершілігін күшейту және банктердің құқыққа қарсы іс-қимыл тәуекелдерін басқару жөніндегі антифрод-қызметтерінің функционалын кеңейту бөлігінде банктерге қойылатын талаптар бар.

Банктерге қандай талаптар қойылады ?

- тәуекелі жоғары бейрезидент клиенттерге қатысты бақылауды, оның ішінде қашықтан немесе өкіл арқылы іскерлік қатынастар орнатуға, карталарды шығаруға және қайта шығаруға тыйым салу;

- төлқұжаттың фотосуреті бойынша биометрияны қолдана отырып, бірізділік енгізу;

- «бір қолда бір төлем карточкасының болу» өлшемшартын бақылау;

- ел аумағында болу заңдылығын тексеру;

- картаны шығарған және қайта шығарған сәттен бастап алғашқы 3 айда кіріс және шығыс транзакцияларына күшейтілген мониторинг жүргізу бөлігінде бақылауды күшейту;

- дропперлік операцияларды анықтау және бұғаттау және төлем картасын бақылаусыз шығаруды болдырмау мақсатында банктердің Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен өзара іс-қимылын кеңейту.

- Жоба қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдар мен дропперлікке (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыру, онлайн/интернет-казино) жол бермеу/барынша азайту бойынша қосымша бақылау шараларын енгізуге бағытталған, - делінген құжат мәтінінде.

Құжат жобасы биыл 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Ұқсас материалдар