Банкоматтың ақшаны шығармай қоюы көпшілігімізге таныс жағдай. Бұл жағдайда не істеу керек?
Асығыстықпен дүрбелең тудырмаңызКейде банкоматтың қысқа мерзімдік істен шығуына байланысты ақшаны шығармайды. Бірақ, ақау жөнделген соң ақшаңыз төлем картаңызға қайта түсуі мүмкін. Сондай-ақ, ақшаңызды «жұтып қойған» банкоматтан 20 минут көлемінде алыстамаңыз. Себебі жұтылған ақшаны аз уақыттан соң шығаруы мүмкін. Ол бөтен адамның қолына түсетін болса, жағдай шиелініседі.
Барлық ақпаратты жазып алыңыз
Банкомат сіздің ақшаңызды шығармай қоюмен қатар чекті бермей қоюы әбден мүмкін. Ақшаңыздың «жұтылғанын» тиісті орындарға дәлелдеу үшін төмендегі ақпараттарды есте сақтап, жазып алғаныңыз жөн.-банк операциясын жасаған нақты уақыты (күні, сағаты, минуты)-банкоматтың мекен-жайы және оның нөмірі.(ол құрылғының алдыңғы жағында көрсетіліп тұрады)-банкомат шығарған және шығармаған ақшаның көлемі.-банкоматта бейнебақылаудың болуы немесе болмауын анықтау.(бейнебақылау сіздің барлық әрекетіңізді анықтап береді)
Банкке хабарласыңыз
Егер ақшаңызды жұтқан банкомат төлем картаңыздың иесі емес болса, банкомат тиісілі банкке хабарласасыз. Банкомат банктің алдында орналасқан болса, сол жерде банк қызметкерлерін көмекке шақырсаңыз болады. Ал бұл шет елде жүргеніңізде орын алса, төлем картаңыз тиісілі банкке хабарласыңыз. Бірақ, тексеріс екі айға дейін созылуы мүмкін. Сондай-ақ, ақшаңызды «жұтқан» банкоматтан алыстамай, банкоматқа тиісілі банкке қоңырау шалыңыз.(нөмірі банкоматтың сыртында және төлем картаңызды жазылып тұрады). Кейбір банктер ақшаны сақтау үшін телефон арқылы да өтініштер қабылдайды.
Егер телефон арқылы өтініш қабылданбаса, жазбаша түрде өтініш жазыңыз. Онда төмендегідей ақпараттар көрсетілуі тиіс.
-сіз туралы (аты-жөніңіз пен төлқұжатыңыздағы мәліметтер)
-төлем картаңыз жайлы
-банкомат жайлы (нөмірі мен мекен-жайы)
- банк операциясын жасаған нақты уақыты (күні, сағаты, минуты) мен сомасы жайлы ақпараттар. Сондай-ақ, әр банкттің қосымша талаптары болуы мүмкін. Егер банк сіздің өтінішіңізді уақытында қарамаса немесе тексеріс жүргізбесе құқық қорғау органдары мен Ұлттық банкке арыздануыңызға болады.