Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz - Қарапайым тұрғын тұрмақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) АҚ басшысының өзі 600 мың теңге зейнетақы жинағынан айырылып қалған. Бұл туралы Бұл туралы Нұрбүбі Наурызбаева кеше Алматыда өткен зейнетақы қорының қоғамдық жиынында айтып салды.
Жиында «Ракурс» экономикалық сараптама орталығының директоры Ораз Жандосов зейнетақы қорларын біріктірген кезде, әйгілі KPMG-дің өзі қызмет көрсеткенін еске салды.
«Аудиторлық компанияның алдында жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларын тексеру тапсырмасы болды. Нәтижесінде, зейнетақы қоры дұрыс жұмыс істемегендіктен біз шығынға ұшырадық. KPMG-дің есебін көрсек болар еді», — деді Қайрат Келімбетов.
Осы тұста Нұрбүбі Наурызбаева мұның не үшін қажеттігін сұрады. Оған Ораз Алиев: «Кімнің қалай жұмыс істегенін анықтау үшін», - деп жауап берді.
«Барлығы да дұрыс жұмыс атқарған жоқ. Қазақстан зейнетақы жүйесін қайта ұйымдастырудың нәтижесінде зейнетақы қорынан жалпы 90 млрд теңгені есептен шығарды. Бұл барлығына мәлім ақпарат. Мен де 600 мың теңге зейнетақы жинағымнан айырылып қалдым», - деді Нұрбүбі Наурызбаева.
БЖЗҚ басшысы 90 млрд теңге әр түрлі қорлардан алынған қаржы құралдарына байланысты есептен шығарылғанын айтты. Себебі, әр қор өз құралдарын әр түрлі бағада ұсынған.
Сонымен қатар, ол БЖЗҚ құру кезінде жергілікті ЖЗҚ-да құны 161 млрд теңге болатын проблемалалы активтер болғанын атап өтті. Үш жылдың ішінде проблемалы қарыздар банкрот және қайта қаржыландыру арқылы өтелді.
Қазіргі уақытта проблемалы активтер қалдығы 40 млрд теңгені құрады
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024