Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — ЦентрКредит Банкі акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Анвар Сайденов Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрын осы лауазымды атқарған Әнуар Үшбаев Банктің директорлар кеңесінің құрамынан шықты.
«Біз ЦентрКредит Банкіне Анвар Галимуллаұлының келгеніне өте қуаныштымыз. Сайденов мырзаның жоғары мемлекеттік лауазымдарды және қазақстандық, шетелдік қаржы институттарында басшы лауазымдарды атқару барысында жинақтаған орасан зор кәсіби еңбек тәжірибесі, сондай-ақ мықты көшбасшылық қасиеттері ЦКБ-нің ұзақмерзімді стратегиясын іске асыруға баға жетпес пайдасын тигізетініне сеніміміз мол. Банк бүгінгі таңда өзінің дамуының жаңа маңызды сатысына жақындап келеді, ол Банк басшылары алдына жаңа міндеттер қояды», – деп атап өтті Банктің директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов.
Сондай-ақ, төраға ЦКБ-дегі жемісті еңбегі үшін Әнуар Үшбаевқа алғысын білдірді.
Айта кетейік, қазіргі таңда «ЦентрКредит Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына 6 адам кіреді:
- Байсейітов Бақытбек Рымбекұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы.
- Ли Владислав Сединович – Директорлар кеңесінің мүшесі.
- Хұсаинов Ғалым Әбілжанұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы.
- Аманқұлов Жұмагелді Рақышұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі.
- Вернер Франс Джозеф Клэс – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
- Сайденов Анвар Галимуллаұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024