Әлемнің саяси және экономикалық элитасының басын біріктіретін Бүкіләлемдік экономикалық форум 1971 жылдан бері жыл сайын Швейцарияның Давос қаласында өтеді. Биылғы форум қаңтардың 17-інде басталды. Атышулы жиынның алғашқы күні қалай өткені толығырақ оқыңыздар.
Форумның ең басты тақырыптары төртінші индустриалды революция, капитализм нарығының мәселелері, экономикалық өсімнің қалпына келуі, жаппай көші-қон мен терроризм болды.
Осы жылы ең көп қатысушы болады деп күтілген еді. Сол болжам дәл келіп, оған әлемнің 70 мемлекетінен 3000 жуық адам келді. Оның ішінде, 30 мемлекет басшысы, ірі банктер мен корпорациялардың жетекшілері қатысты.
Форумның алғашқы күні жаңадан сайланған Америка президенті Доналд Трамп пен оның әкімшілігі талқыға түсті. Қатысушыларды ең басты толғандырған сұрақ – жаңадан қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайларға қалай бейімделу туралы, яғни Трамптың президенттігі мен Ұлыбританияның ЕО мүшелігінен шығуы еді.
Форумнан бұрын көптеген коментаторлар Трамптың жеңіске жетуі мен Brexit мәселесі және соңғы кездері Еуропада белең алып келе жатқан оңшылдар мен популистердің қозғалысы «Давостағы адамдарға», яғни миллиардерлерге, билік басындағылар мен трансұлттық корпорациялардың топ-менеджерлеріне қауіп төндіреді деген.
Давостағы форумның негізін қалаған Клаус Шваб іс-шараның алдында: «Айналамыздағы әлем тез өзгеріп келеді. Қоғамның дәстүрлі ұстанымдары өзгерген, сондықтан көптеген адамдар ендігі әлем қауіпті екенін сезіне бастады», - деді. Сонымен қатар, ол қазіргі әлемде жетекші мемлекеттерге өзгеше жауапкершілік жүктеліп отыр деп атап өтті.
Көшбасшысыз көшбасшылық туралы
Форумның алға қойған тақырыбы – «Ашық әрі жауапкершілікті көшбасшылық». Бірақ еуропалық көптеген жетекші мемлекеттердің және ЕО органдарының басшылары бұл жылы Давостағы жиынға қатыса алмайтындықтарын алдын ала хабарлаған.
ЕО елдері, оның ішінде, Германия, Франция, Италия, Испания елдерінің атынан негізінде қаржы министрлері қатысады. Еуропалық «бюрократтар» делегациясы Еурокомиссияның 5 вице-президенті мен 10 комиссарын жіберген екен.
Бірақ форумға өз көшбасшылары келетін мемлекетер де жоқ емес. Мысалы, Ұлыбританияның атынан Даовсқа премьер Тереза Мей келді. Жарты ғасырға жуық уақыттан кейін форумға алғаш рет қытай көшбасшысы Си Цзиньпин қатысады.
Ал келмегендердің қатарын Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Доналд Трамп толықтырды.
Халықаралық тәуекелдер
Давос Бүкіләлемдік экономикалық форумының (БЭФ) сарапшылары 2017 жылғы адамзаттың ең басты тәуекелдерін атап көрсетті.
БЭФ сарапшыларының жыл сайынғы баяндамасы тәуекелді бес категорияға бөліп отыр – экономикалық, экологиялық, геосаяси, социалды және техникалық.
Экономикадағы ең басты қауіп – қаражатты жымқырып қалу, салық төлеуден қашу, контрафактілік өнім шығару мен ұйымдасқан қылмыс. Сонымен қатар, байлар мен кедейлердің табысының айырмашылығы да алаңдатып отыр.
Технологиялық тәуекел – жеке бас мәліметтерінің ұрлануы, кибершабуылдардың жиілеуі, адамдардың жұмыс орнын жоғалтуына себеп болатын робототехниканың жылдам өріс алуы.
Социалды-экономикалық салада ең басты мәселе – бұл экономикаға қосымша салмақ болатын жаппай көші-қон.
Дәл бұрынғыдай ең басты қауіп табиғи зілзала мен антропогендік апаттардан төніп тұр.
Ең басты көңіл бөлетін тағы бір тәуекел – бұл геосаясат. Ірі көлемді терактілер мен халықаралық қақтығыстар және тиімсіз мемлекеттік басқару.
Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өркендеуіне кедергі болатын негізгі үш қауіпті атап өтті. ХВҚ басқарушы директоры Кристин Лагард Қытай экономикасындағы өзгерістер, тауарлардың төмен бағасы мен орталық банктердің монетарлы саясаты бүкіл әлемнің экономикасының өсуіне кедергі келтіріп отыр деді.
Қорғаныс жағы қалай болды?
2500 әлемнің ең маңызды тұлғаларының қаіпсіздігіне швейцарияның 4500 әскері мен полиция қызметкері жауапты болды деп жазады The Local. Және бұл небәрі 11 мың адам өмір сүретін жерде болып жатыр.
Қымбатты қонақтардың тыныштығын сақтау үшін 8 млн франк жұмсалған. Бұл қаражатты БЭФ, Швейцарияның федералды және жергілікті билігі теңдей бөліп төлейді.
Анықтама
Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форум (World Economic Forum) – мемлекет пен жеке тұлғалардың бірігіп ұйымдастырған халықаралық ұйымы. Форум тарихы 1971 жылдан бастау алады. Ол кезде Женева университетінің профессоры Клаус Шваб ең алғаш рет Швейцарияның алдыңғы қатарлы бизнесмендері мен саясаткерлерін әлемдік нарықта қалай Еуропа бизнесін дамытуға болады деген сауалмен жинаған. Бұл кездесулер басында «Еуропалық менеджмент форумы» деп аталды. Жылдар өте тақырып аясы кеңіп, оған саяси және экономикалық сауалдар мен ғылыми-техникалық дамудың нәтижелері, дамыған елдердің берешегі секілді түрлі мәселелер қосыла бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024