Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz – Ұлттық Банк 13-15 тамызға шетел валюталарынң теңгеге шаққандағы ресми бағамын бекітті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Демалыс күндері доллардың ресми бағамы – 476,01 теңге болады.
Айта кетейік, АҚШ валютасының 12 тамыз күнгі ресми бағамы 477,67 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 477,68 теңге болса, сату – 482,01 теңге.
Елордада АҚШ валютасын орта есеппен 475,33 теңгеден сатып алып, 479,01 теңгеден сатуда.