Павлодар. 4 ақпан. 7kun.kz - Павлодар облысында республикалық «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары жылжымайтын мүлік бағасының шарықтауынан және көтерме ақының өзгермеуінен баспанаға қол жеткізе алмай жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Жастарға қызмет көрсету орталығында өткен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Сапаровамен кездесуде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Ернар Балтабай айтқан.
Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен ауылдық жерге жұмысқа келетін ЖОО түлегіне берілетін көтерме ақының ең жоғары шегі үш миллион теңгені құрайды. Кейде бұдан да аз. Бұл соманы ауылдық жердің әкімдіктері анықтайды содан кейін ғана қаражатты жас маман республикалық трансферт ретінде ала алады. Ал бүгінгі таңда үйлердің құны жеті миллион теңгеге дейін жетеді. Аудан орталығындағы үйлер ауылдық округпен салыстырғанда қымбатырақ.
«Сома (көтерме ақы - ред.) өзгерген жоқ, ал баспана бағасы тоқтаусыз өсуде. Демек, алты жыл бұрын бекітілген көтерме ақымен баспана алу мүмкін емес. Мәслихат қосымша қаржы бөлу секілді шешім қабылдай алады, бірақ заңға сәйкес акт жоқ. Біз бұл мәселені бұрынғы Премьер-Министр Мәсімовтің кезінде де көтергенбіз» - дейді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Наталья Нефёдова.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024