Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
РФ Премьер-министрі Алматыда өтетін Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы және "Жаһандану дәуіріндегі сандық күн тәртібі" форумына қатысады.
Форумға халықаралық жетекші сарапшылар, Қазақстан және ТМД елдерінің мемлекеттік органдарының басшылары, отандық және шетелдік корпорациялардың өкілдері, іскер топтар мен 150-ден астам қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.
Кездесудің басты тақырыбы - әлемдік үрдістер мен трендтерді ескере отырып, ТМД елдерінің экономикасын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы болады.
Сондай-ақ, үкімет басшылары трансшекаралық нарықтағы тауарлық бәсекелестік ережелерін, басқа елдерінде жұмыс істейтін мемлекеттердің азаматтарына зейнетақы төлеуді және аграрлық сектордағы бірлескен жобаларды талқылайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024