Экономика
Ертеңнен бастап Қазақстанға келушілерден ПТР тест пен вакцина паспорты талап етілмейді
Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – 8 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары мен шетелден келушілерден ПТР тест пен вакцина талап етілмейді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мұндай хабарлама Үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Бұл норма Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау туралы үкіметаралық комиссия отырысында бекітілген. Бұл жиынға вице-премьер Ералы Тоғжанов төрағалық еткен.
Сонда қабылданған шешімде Қазақстанға келуші отандастарымыз бен шетелдік азаматтардан енді ПТР тест пен вакина паспорты талап етілмейтіні жазылған.