Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – «Цеснабанк» АҚ акцияларының бақылау пакетін «First Heartland Securities» АҚ (FHS) сатып алды, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
«Ұлттық банк пен Үкімет жүзеге асырған шаралар кешені мен «Цеснабанк» АҚ-на Жаңа инвесторды тарту «Цеснабанк» АҚ-ын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта банк Ұлттық Банктің ең төменгі талаптарынан асып түсетін капиталдандыру және өтімділік көрсеткіштері бар, теңгемен тұрақты ұзақ мерзімді қаржыландыру базасына ие, кредиторларға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.