Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Франкфурттегі бассыздық нәтижесінде 70 полиция қызметкері жараланды

Франкфурттегі бассыздық нәтижесінде 70 полиция қызметкері жараланды

Франкфурттегі бассыздық нәтижесінде 70-тен аса полиция қызметкері жарақат алды. Мұның соңы Еуроодақтың қаржылық саясатына қарсы антикапиталистер мен антиглобалистердің қарсылық шараларына ұласты. Олардың айтуынша, еуропалық көшбасшылардың Грекияға ұсынған үнем шаралары несие беру мәселелерін шеше алмайды.

Тәртіпсіздік барысында полицейлер мыңнан астам құқық бұзушылықты есепке алған. Акция қатысушылары машиналарды өртеп, терезелерді сындырған әрі тас атысқан. Сонымен қатар, олар дөңгелектерді жағып, жол бойына лақтырған. Полиция қызметкерлерінің өзінен 7 машина зардап шеккен. Өз кезегінде, Blockupy қозғалысының өкілдері полиция қызметкерлері тарапынан суатқышпен, граната мен жас ағызғыш газбен жасалған шабуыл нәтижесінде олардың көптеген адамдарының жарақат алғандығын алға тартып отыр.

Қарсылық шарасын Еуропалық орталық банктің жаңа штаб-пәтерінің ашылуымен ұштастырған. Ашылу салтанатына Еуропалық орталық банктің басшысы Марио Драги мен Майндағы Франкфурт  бургомистрі шақырылды. Франкфурттың шығыс бөлігінде 1,4 млрд долларға салынған 185 метрлік бұл ғимараттың айналасын полиция қызметкерлері қорғап тұр. Қарсыласу шарасы өтіп жатқан жерге полиция тікұшақтары мен автобустар әкелінді. Бұл шараға 10 мыңнан аса адам қатысқан деген деректер бар. Олардың кейбірі Грекия мен Испаниядан келген. Одан бөлек, Берлиннен 800 белсенді арнайы автобуспен келеді. Сонымен қатар, Еуропаның 39 қаласынан 60 автобус күтілуде. Орын алған тәртіпсіздікке қарамастан полицейлер қатысушылардың басым бөлігі бейбіт келісімге келу шарасын ұйымдастыруын күтуде.

Похожие материалы