Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкерлік - ерекше экономикалық құбылыс (курс)

Кәсіпкерлік - ерекше экономикалық құбылыс (курс)

Кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын қызметін айтамыз.

Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.

Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алады. Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

Несиенің дамуы мен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік күптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.

І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс

1.1. Кәсіпкерліктің мәні.

Кәсіпкер дегеніміз кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде? Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп, бұл процеске деген ынтаны әлем деңгейінде күшейтуде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып, кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет. әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері айтарлықтай.

Қәсіпкерлік қызметке талдау жасау-оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда “кәсіпкер” деген термин, одан да бұрынғы “антрепренер” (“антрепренер” — француз сөзі “делдалдық” дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылды — түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында “кәсіпкерлік” мәселелеріне назар аудару XVIII ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, Л. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А. Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. “Кәсіпкер” терминінің атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон (XVII ғас. басы). Ол “кәсіпкер” деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

Әлеуметтік-экономикалық кұбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды караудың алғашқы нүктесі-олардың субъектісі мен объектісін анықтау.

Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке-дара өндірісті (жан-ұя, кәсіпорны) ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.

Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы — міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі - ұжымдық, коллективтік деп аталады. ¦жымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және т.б. Жеке - дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. өйткені мемлекет кәсіпорындарының ұжымы өзінен өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ, егер қайта кұрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады.

Кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектісіне мемлекеттік, оның тиісті органдарын жатқызады. Бірақ нарықтық экономиканың жалпы ережесі бойынша мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы шығады:! мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байланысты), ұжымдық, жеке-дара.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номинальды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айиалысу кұқы жатады. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі — бұған деген алғы- шарттары бар, ең бастысы— капитал иемдену құқысы барлар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын кұрып, дамыта алады.

Кәсіпкерліктің объектісі-адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі неде? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі — өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.

Сонымен, кәсіпкерлік— жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта кұру, байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау және т. б.

Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялау.

Кәсіпкерлік әркезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі- шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі.Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты шарты-барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы, өзбеттілігі.

Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Қәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана оларға тиісінше көңіл аударады. Жоғарыда көрсеткеніміздей олар өздеріне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін, экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет-әдеттегі-ден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға творчестволықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқыда болашақ бұлдыр, оны болжап білу-қиын. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ал оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуте мүмкін емес.

Шаруашылық қауіп-қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығьндарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен коньюнктура жайсыз болғаны.

өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы қауырт жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, накты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалылықты анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-катынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді линзамен салыстыру орынды: ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік (еркіндік) және ұйымдастырудағы новаторлық-кәсіпкерліктің мәні осында: біреуі оған өмір берсе, екіншісі-тағдырын аныктайды.

Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің кызметінен айыра білу шарт. өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінді. Осыған қарап өндіріс құрал-жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесіне түгелдей тәуелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінен капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл-өндіріс кұрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерге айналады өздерінің шаруашылық жұмысы нәтижелерінде экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Бұл тенденция, бағыт акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер. Бірақ қазіргі кәсіпкерлік кооперативтік болып, ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен оның толық қанды өкілі-менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдығын меншіктенуші болмай-ақ шаруашылық өкілі ретінде оларды иемдене алады. Қәсіпкер қызмет істейтін меншіктің иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Ол оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорынды ашып, өндіріс кұрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға, оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай қатты байланыс жоқ. Кәсіпкерлік қызметтің мәні—өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану.

Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің өркениетті дамуы үшін белгілі жағдайлар қажет. Қәсіпкерлікті өркендетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау (адамдық келбеті), мүліктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігімен, шешім қабылдау мүмкіндігінің болуы, өнімдер мен табыстар жөнінде де осындай мүмкіндіктердің берілуі, қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және теңсалмақтылығы) қызметтер мен тауарлардың, капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып  алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, мұның ішінде заң шығаратың, орындаушы—сот өкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен кәсіпкерлер құқығын  қорғау.

1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.

Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде жаңа іске адамның жеке энергиясы мен капиталын жұмсаудан көрінеді. Сондықтан ол оның мақсаты мен нәтижелігі жағынан жеке оның құралы-шығындарды азайту, үнемділігі тұрғысынан да тиімділігін, тәртібін барынша ойластыруды талап етеді. Мұндағы кәсіпкерлік әрекеттің ең бастысы, тиімдісі-таңдаудың дұрыстығы немесе таңдаған істің кәсіпкердің жеке потенциалына сәйкес келуі.

Осыған байланысты бизнесті ұйымдастырудың  үш негізгі түрін атап көрсету абзал:

1.Жеке-дара кәсіпкерлік

2.Серіктестік

3.Акционерлік қоғам

Осы тұрғыдан әрқайсысына тоқталайық.

1. Жеке-дара кәсіпкерлік - бұл бір өзі ғана иемдену өз мүддесі тұрғысынан істі өз бетімен жүргізу. Жеке меншіктегі кәсіпорын иесі оны басқарып, пайданы түгелдей өзі иемденеді, бірақ барлық міндеттемелерге өзі жауап береді. Мұндай жағдайда істі тиімді жүргізуге күшті құштарлық пайда болады, өйткені алатын табыстың көлемі кәсіпорын жұмысының жетімділігіне тікелей байланысты. Бұл бизнес кәсіпкердің барлық тілектерін: авторлық, шығармашылық және т.б. толық қанағаттандырылды.

Алайда, істі, мұндай жүргізуде белгілі кемшіліктер бар. Айталық, бірден-бір иемденуші шексіз жауапкершіліктің субъектісі болады. Бұл жеке кәсіподақтар тек қана кәсіпорын активін тәуекелге жіберіп қана қоймай, өзінің жеке активін де қауіп-қатерде ұстайды. Кәсіпорынның барлық жауапкершілігі-қарыздары, несиелері, соттағы істері, контрактыны бұзғандығы шығындары - бәрі иемденушіні мойнында.

2. Серіктестік — істе ортақ иемнуші ретінде екі, не одан да көп адамдардың бірігуі.Бизнесті ұйымдастырудың мұндай түрінің пайда болуы жеке-дара бизнестің негізгі кемшіліктерін жою бағытында жасалған талпыныс. Әдетте әріптестер өзара кәсіпорынды иемдену және оны басқару жөнінде келіседі. Олар өздерінің капиталдарын және істі жүргізу қабілеттерін біріктіреді. Партнерлер қатысу үлестеріне қарай кәсіпорын пайдасы мен шығындарын бөледі, тәуекелдерге бірге бас тігеді.

Серіктестіктердің бірнеше түрі бар:

а) Толық серіктестік-партнерлердің толық жауапкершілігі тек істегі салымдарынан ғана емес, сонымен өзінің жеке жағдайларымен шексіз болады.

б) Шектелген жауапкершілікті серіктестік-кәсіпорын жұмысына ғана жауап беретін бірнеше партнерлерді біріктіреді. Бірақ бизнестің бұл түрі тағы бірнеше жауапкершілігі шектелген партнерлерді қамтиды. Олар іске өз үлестерін қосады, пайда бөлісуге катысады, бірақ олардың серіктестіктің міндеттемесі жөніндегі жауапкершілігі шектелген, ол іске қосқандағыдан артық емес.

в) Коммандаттық серіктестік. Мұнда нақты, физикалық адамдардан басқа, заңды адамдар қатыса алады, олардың мүліктегі үлесі жазба түрінде белгіленеді. Коммандаттық серіктестікке кіру, одан шығу тек оның барлық мүшелерінің келісімімен болады.

3. Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам белгілі бір мағынада, үлестік негіздегі капиталистік бірлестіктер дамуының шарықтау шегі. Бұған жету барысында бірлестік мүшелерінің жауапкершілігі барынша тежеледі, серіктестікке кіру мен шығу тәсілдері жеңілдетіледі.

Акционерлік қоғам — акцияларды сату арқылы ақша қаржыларын орталықтандыру негіздегі өндірісті ұйымдастыру түрі. Нарық экономикасы дамыған елдерде корпорация қанат жайды. Акционерлік қоғамдардьң жабық және ашық түрлері белгілі. Жабық акционерлік қоғамдар-акциялары құрылтайшылар арасында тарайтын қоғам, ал ашық-түрдегісінде акциялар еркін сатылады және сатып алынады.

Акционерлік қоғамның негізгі принципі-акционерлер әкімішілік тұтқаларына қолдары жетіп, бақылай алады: экономикалық жағынан (капитал нарығы) және заң, жағынан да (“даусы бар” акциялар арқылы директорлар кеңесін сайлау). Бірақ кез келген акционер қоғамның мүлкін бөлу мен басқару ісіне нақты араласа алмайды. Ол үшін акцияның бақылау пакетін иемдену керек (теориялық жағынан ол акциялар сомасының 50% артығын қамтиды).

Акционерлік қоғам - заңды ұйым. Бұл қоғамның ең жоғарғы органы — акционерлердің жалпы жиналысы, ол жылына бір рет шақырылады. Акционерлер жиналысы арасындағы кезеңде оны басқарма немесе директорлер кеңесі басқарады. Акционерлік қоғамның ең басты артықшылығы — сол қоғамның міндеттемелері жөнінде жауапкерлігінің болмауы, яғни жауапкершілігі шектелген.

Қазіргі кезеңде нарықтық экономикадағы меншік құқығын жүзеге асырудың ең тиімді және кең жайылған түрі-акционерлік қоғам. Қазақстан республикасы жағдайында акционерлеу экономиканың бүгінгі ахуалымен сипатталады: экономикалық байланыстардың бұзылуы, инфляциялық про-цестер және т. б. Мұндай жағдайларда акционерлік қоғамдарды кұру-акцияларды жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасында орналастырып, үзілген байланыстарды қайтадан қалпына келтіру. Дефицитті (тапшы) өнімдер өндіретін компаниялардың акцияларын сатып алу арқылы оларға қол жеткізуге болады. (акционерлік қоғамдар жарғысында ком- паниялардың шығарған акцияларын сатып алғандар өнімдерді жеңілдікпен алу жағдайы қарастырылған). Ең ақтығында, дивиденд (пайда) және акцияның нарықтық бағасының өсуі-ақша қаржыларының бір бөлегін инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің көбеюінің басты себебі-қазіргі экономикалық жағдайлардың сипатынан емес, ол түрлердің ішкі мүмкіндіктерінде әсіресе акционерлік қоғам түрлеріне жатыр.

Акционерлік қоғамдардың тағы бір ерекшелігі—мында: қоғамдық кәсіпорындарда істейтін жұмысшылардың аз да болса компания акциясының пакетін иемденуі оның бойында “қожайындық” сезім ұялатады, әрине қоғам ісін басқаруға аз қатыстырды. Нәтижесінде әкімшілдікпен жұмыскерлер арасындағы қайшылық жұмсарып, еңбек өнімділігі артады. Соңғы онжылдықта акционерлік түрді кеңінен пайдалану акционерлік қоғам қызметкерлерін, әсіресе төменгі және орта буындағы меншік иелеріне айналдыру үшін қолданылды. Еңбек пен меншікті жақындатудың мұндай мүмкіндігі біз үшін үлкен маңызы бар, өйткені ол нарық жағдайында тиімді қызмет атқаратын шаруашылық түрінде көшіреді және әлеуметтік жікке бөліну тенденциясы болмайды (болса да аз дәрежеде).

Акционерлік түрдің мына белгісінің үлкен мәні бар: күрделі қаржы ресурстарын тез шоғырландыруға әсіресе, басымырақ дамуды талап ететін салаларда жинақтауға мүмкіндік береді. Біздің экономика үшін мұның маңызы бөлек: халық шаруашылығы құрылымындағы қазіргі қай-шылықтар-нарықтық механизмнің қызметінің тиімділігіне кедергі жасайтын басты факторлар.

Басқаша айтқанда, акционерлік қоғамдарды шаруашылықтың басымырақ дамитын салаларында кұру мемлекет мойнынан біраз инвестициялық жүкті, салмақты алады, ал бұл бүгінгі бюджеттің қиын жағдайын жеңілдетеді. Нарыққа көшу барысында ғылымды көп керек ететін салаларды мемлекет бюджетінен қаржыландыру мүмкін болмағанда олар керекті капиталды акционерлік түрде колданады.

Қазіргі акционерлеу тәжірибесі көрсеткеніндей, оның көптеген проблемалары бұл қоғамдарды дамытуға, олардың экономикалық процестерге оңды әсер етуіне кедергі жасайды. Оларға алдымен жабық қоғамдардың көптігін, акция номиналдарының жоғары болуын атау керек. Нәтижесінде акционерлік қоғамдарға қалың бұқараны қатыстыру теже- леді. Бағалы қағаздар нарығының әлсіздігі, ақпарат нарығының жоқтығы да қиындық келтіруде. Көрсетілген күрделі проблемаларды шешудің мынадай жолдары бар:

- ашық қоғамдарды басымырақ дамыту, әсіресе материалдық өндіріс саласында;

- акция номиналының көлемін тежеу;

- инвестициялық компанияларды құруды ынталандыру

Біздің республикада инвестициялық компанияларды кұру тиімді. Бір жағынан, жоғарыда көрсеткеніміздей жоғары акция номиналын шығаратын акционерлік қоғамдар пайда болды, өйткені олар капиталдың ұсақ акциялар ұстайтындар арасында тарауынан қорқады. Бұдан басқа акционерлік қоғамдар бізде әлі аз. Екінші жағынан, халықтың бытыраңқы, көлемі үлкен қаржылары бар (солардың ішінде купондарда жүр). Халықтың акционерлік қоғамның қызметі туралы хабары мен түсінігі тым тайыз. Болашақта акционерлік коғамдардың күрт көбеюі, олардың ішінде “көбік” сияқты алдамшыларының да болатыны, банкротқа ұшырап, оны құруға көп қаржы қосқан адамдардың зиян шегетініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан инвестициялық қорлар-капиталды шоғырландырудың үлкен көзі, көптеген адамдардың жинақтарын акцияның диверсификация пакетіне айналдырады. Мұның ерекшелігі мынада: жеке инвестордың қорда ерекше активі болмайды, инвестициялық қордың белгілі акция санын сатып алып, қордың акция пакетінен процент иемденеді.

Сонымен, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін көтеру үшін бизнесті ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту керек, бар тәжірибені бақылау олардың бизнесті жандандыруға игі әсерін көрсетті.

  1. Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық шарттары және заңдылықтары.

2.1. Мемлекетсіздендіру жүйесі және жекешелендіру бағыттары.

Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі жетілген немесе жетілдірілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу-бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып ол бәсекелік күреске әзір болуы, нарықтың қоғамдық қажеттілікке сай келмейтінінің “артығын” қиып түсетініне әзір болуы керек. Кез келген меншік түрі (соның, ішінде мемлекеттік те) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез келген меншік түрі (соның ішінде жеке меншік те) прогрестің күшті стимулы болады, егер ол жасампаз бәсекеге жол ашса.

Күшті нарыктық экономикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткеніндей, еркін бәсеке жүйесін реттелетін экономика деуге болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық кажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді, нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп, жібермейді.

Нарықтык экономика үш түрлі күрделі “ауруға”- бірден қарсы тұра алмайды-монополизмге, инфляцияға және іскерлік белсенділіктің төмендеуіне. өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса, аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді. Кейнсшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияиың зардаптарына тиісінше көңіл бөлмегенінен 70-ші жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық жүйенің бұған күш-қуаттары жетпеді. Ол үшін мемлекеттік реттеуді реформалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті “дәрілері” қажет болды.

Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы реттеу шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауын тоқтататын кысқа мерзімді саясатынсыз мүмкін емес. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының басты белгілері осындай. Бұл шеңбер рыноктық механизм мен мемлекеттік реттеудің қисынды симбиозына, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуіне жеткілікті.

Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономика жібергенінен артық шығарса, онда ол қандайда ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да, рыноктік процестердің бұзылуына, өндірістің тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Ерте ме, кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттік белсенді араласуынан шығуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде төрт компоненттен тұрады:

- шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті шектеу, жеке капиталды ынталандыру, экономиканы реттеуді тарылту (мемлекеттік). Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мынадай қорытындыға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір ісі деп қарап, оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп ия ерте) шаруашылық құрылымды түбірлі өзгертудің тиімді құралы бола алмайды.

Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңызы зор. Жекешелендіру—объектілерді, белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан алып жеке меншікке беру. Кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монополды құқықты, нарықтың белгілі сигментін “жаулап” алу, немесе жаңа, мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлетін жекелендіру кіреді.

70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіл әлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүние жүзінің 80 елі -Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда ¦лыбритания елінің мысалы айтарлықтай. 1979 жылы М. Тэтчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен онжылдықта жеке капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорыны берілді, ол шаруашылық жұмысының көрсеткіштеріне игі әсер етті. Мысалы, “Бритиш стил” мемлекеттік бола отырып жылына 1 млн. стерлинг шығынға ұшырады, ал денационализациаланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістіктерге жеткенмен, ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.

Біздің жағдайымызда жетекшелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет қолында жоғары шоғырландырумен, кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады. Мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шаралармен де байланысты (субординацияны сақтау және т. б.).

Национализациялануға қарағанда жекешелендіру процесі бір сатылы акты емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорынды сату-меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты. Ол тағыда кемінде екі сатыдан тұруы керек: меншік иесінің кұқығын нақты жүзеге асырудың шын жағдайларын жасау (саяси, экономикалық, әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең соңында, меншік иелерімен басқарушылар арасында коммерциялық жұмыстардан басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұны мемлекетте жүргізуі мүмкін, бірақ одан кейінгі қарқыны әртүрлі — орындаушылар мен әрекет етушілерге байланысты және олардан басқа объективтік факторлерге де қатысты болады.

Жекешелендірудің түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас жекешелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген жөн. Ең басты - меншіктің, құқықтың және оған нақты билік жүргізудің кұқықтығын ретке келтіру керек. Одан басқалары — өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көзбояушылыққа жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сіңімділігінің проблемасын дұрыс шешу; халықты жекешелендіруге қызықтыру жағдайларын жасау, оны үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау, әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек. Жекешелендірудің кестесі мынадай.

Ешбір елде жекешелендірудің ойдағыдай керемет тәсілі жоқ. Әрбір елдің тәжірибесі оның оңды және теріс жақтарын көрсетеді. Көптеген жағдайларда бұл процесс сол елдегі қалыптасқан нақты тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың, дәрежесімен, праволық реттеу жүйесі және оның тиімдігінен, экономикалық дамудың жағдайымен, дамыған қаржы мен банк жүйесінің болуымен, әлеуметтік құрылымдағы орта топтың үлесімен, халықтың психологиясына байланысты.

Алайда алғашқы жақсылық қадамдарға қарамастан жекешелендіру шеңбері шектелген. Мемлекеттік мүліктің үлкен бөлігін қысқа мерзімде қиналыссыз сатып жібереміз деп ойлау қате. Мұндағы ең басты кедергі қажетті капиталдың аздығы және жұмыссыздықтың жоғары дәрежесінен туындайтын теріс әлеуметтік зардаптар. Бір сападан екені сапаға ауысу - теріс зардаптарсыз және әдеттен тыс шараларсыз мүмкін емес.

Жекешелендіруді кең шеңберде тиімді және кезеңдермен өткізу үшін жоғарыдағы аталған шарттарды орындау, әсіресе көптеген инвесторларды тауып, саяси және әлеуметтік келісім және мемлекет тарапынан тұрақты, ауқымды бақылау арқылы жүргізуге болады (пара берумен, коррупция, мафиямен күрес).

Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткеніндсй, жоғарыда аталған шарттардың тек біреуін ғана елемеу, жекешелендіруді нәтижесін және қарқының төмендетеді. Бұл процесті асығып және қалай болса солай жүргізу, жергілікті жерде ескі экономикалық жүйені жаңасын жасамай қирату-әлеуметтік қауіпке әкеледі. Сондықтан қиратудың алдында үш түрлі кәсіпорындарды анықтау керек. Біріншілері — сатуға ұлықсат етілгенін, сатуға болатынын, екіншісі — жалпы ұлттық проблемаларды шешу үшін экономикалық қажетті кәсіпорындарды мемлекет қолында қалдыру, үшіншісі—жабылауға жататын кәсіпорындар. Рентабельді емес кәсіпорындарды жою, әрине ондағы істейтіндерге айтарлықтай қиындықтар келтіреді. Реформаны жүзеге асыру барысында жұмыссыз қалғандар оған қарсы болатыны түсінікті.

Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің II кезеңінде осы және тағы басқа кемшіліктер қайталанбас үшін біраз өзгерістер енгізілді. Ең бастысы бұған бүкіл халықты кеңінен қатыстыру, жариялылықты күшейту, үкімет пен мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі. Жекешелендіруге тұрғын-үй купондарын барынша қатыстырып, инвестициялық қорлар құрып, жекешелендіруден түскен қаржының 10—15 процентін халықтың материалдық жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.

Жекелендірудің 2000- 2002 жылдарға арналған 2 кезеңінің ұлттық бағдарламасында мұны үш бағытта жүргізу белгіленген:

Бірінші бағыт — шағын салаларды қамтиды. Онда 200 адамға дейін жұмыс істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары иелеріне беріледі.Бұл бағыт шамамен 27 мың кәсіпорынды, онда істейтін 1 млн. адамды қамтиды.

Екінші бағыт—жаппай иелендіру. Бұл жолы бес мың адамға дейін жұмыс істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді. Мұндай кәсіпорындардың саны 9 мың шамасында және оларға 3 млн. адам қамтылады.

Үшінші бағыт — аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа нысандарды (объектілерді) мемлекет иелігінен алу. Бұл тұста үкімет олардың әрқайсысына өзгеше талаптармен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру болады. үшінші бағытта бір жарымның кәсіпорын және 2 млн. адам қамтылады. үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстарда өткізіледі.

2004 жылғы  қыркүйектің соңында 744 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген. Сонын ішінде кең өндіру өнеркәсібінде -79 (сауылдамаға жауап бергендер санына

Сонымен жекешелендіру нарықтық экономикаға ауысудың алғышарттарын жасай отырып кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды, сауда, да, қоғамдық тамақтану орындарында, қызмет көрсетуде және т.б.  (№ 1, 6, 2, 7 әдеб)

2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі шағындаған болатын. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылған болатын. Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ол оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, республикада кәсіпкерліктің даму тарихы небары 10 жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың төрт мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және іске асырылды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қамтыған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын кәсіпкерлікті қолдаудың таяу перспективаға айналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғарғы қойылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.

Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жыл, 1994-1996 жыл, 1999-2000 жыл, 2001-2002 жыл) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болады. Басты стратегиялық мақсатқа кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конституциялық құқықтары шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізді, ол үшін мемлекеттік қажетті жағдайларды жасады.

Ресми статистика деректері бойынша республикада 2003 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 442,3 мың кәсіпкерлік субъектісі есепке алынды, оларда шамамен 1,2 млн адам жұмыс істейді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс әстейтіндердің жалпы санының 17,6%-ін құрайды.

2002 жылы кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 621,4 млрд теңгеге жуық салада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2001 жылмен салыстырғанда 2,9 %-ке өсуге және 19,5 %-ті құрауға тиіс.

Республикадағы кәсіпкерлік өтпелі кезеңнің күрделі және әрқашан жағымды емес әлеуметті-экономикалық және саяси жағдайда қалыптасады. Түрлі сипаттағы бірқатар қиыншылықтар оның динамикалық дамуына кедергі келтіреді. Проблемалар экономиканың жалпы дағдарысының жағдайына және бюджет тапшылығына, кәсіпкерліктің кең масштабты дамуына күшті әсер беруге арналған қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігіне, жетіліңкіреген өнім мен қызмет көрсетуді шығаруды дұрыс жолға қою есебінен толған тапшылықсыз рынок кезінде өз орнын таба алмауға, іскерліктің жоқтығына, қазіргі менеджментпен маркетинг әдістерін білмеуге байланысты болды.

Социологиялық сұрақ – жауапқа сай Америкада бизнесмендерді тек кәсіпкерлік проблемалар аса аландатады: пайда алу, бизнес өсуін басқару мен қолдау, ақша ағымдарын реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды сұрақ ішінде ел экономикасы жағдайы туралы сұрақ 5, капиталға қол жеткізу 11 орындарда болса, сыбайластық пен инфляция тіпті аталмаған.

Ресейде керісінше, негізгі шектер бизнес шеңберінен тыс орналасқан: сұраққа жауап берген кәсіпкерлердің 90% олардың бизнесті дамыту жолындағы басты кедергі ретінде мемлекеттің салық саясатын, 80% дұрыс заң жоқтығын, 67% капиталға қол жеткізудің аса қиындығын, 66% банк жүйесінің тұрақсыздығын, 55% өкімет құрылымдарындағы сыбайластықты атайды.

Ресейдегі сияқты Қазақстанда бірінші орында салық саясаты, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші орында несие саясаты, содан кейін сату, шикізатпен қамтамасыз ету продлемалары соңғы орында мелекеттік органдармен өзара әрекеті тұр.

Құнның бәрі мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек қажеттігін көрсетеді .

Қажетті рыноктың құрылымдармен өзара байланыстарды құрмай кәсіпкерлік дұрыс әрекет ете алмайды. Бұл жағынан біздің экономикамызға бірқатар проблемаларды шешуге тура келеді.

Біріншіден, экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік жүйесін қирату кезіңде кәсіпкерлерді мемлекеттік органдармен түрлі деңгейдегі аппараттық сыбайластық бөлігі диктатынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.

Екіншіден, коммерциялық банктер, сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық және кеңесші фирмалар мен басқа мекемелер түріндегі кәсіпкерлік инфрақұрылымын құру қажет.

үшіншіден, кәсіпкерліктің уәждік базасын құру үшін экономика әрекет етуінің бәсекелес-жарыстық режимі қажет.

Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік үшін жағдай жасау туралы айтқан кезде, оның қалыптасуындағы заңдық және шаруашылық қызметтер арқылы мемлекет ойлауы қажет елеулі рөлді ұмытуға болмайды.

Осылардың барлығынан Қазақстанның өркендеген экономикасында кәсіпорындардың орны ерекше екенің байқаймыз. Себебі ол өз қызметін стратегиялық маңызды салаларды жүзеге асырады. Кәсіпкерліктің дамыу ұлттық байлықтың маңызды бөлігін құрайды.

Даму проблемалары

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін бірқатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құнің кредиттерге айландыруға мәжбүр.

Сонымен қатар кәсіпорындардың қорымен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өңімділігінің төмендігі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.

Осы себептен де біраз жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс болу қалуда.Кәсіпкерлік Субектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.

Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметің реттейтің қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезіңде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы- бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-кредит ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметтің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерді қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу.

Көптеген өнірлерде кәсіпкерлердің биліктігі мен олардың оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда, кәсіпкерлік бизнес үшін инженер-техник және жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың үлкен тапшылығы байқалады. Кәсіпкерлікте туындаған осындай проблемаларды шешу үшін мынадай шараларды жүргізу керек.

Оны шешу жолдары:

Кәсіпкерлікті одан әрі дамып жетілу үшін мынадай проблемаларды шешу керек.

  1. Кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру.
  2. Кәсіпкерліктің кредит ресурстарына қол жетімдігін жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының тиімділігін арттыру.
  3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңайландыру.
  4. Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру.
  5. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша номативтік құқықтық базаны жетілдіру.
  6. Кәсіпорындарға арнайы кадрлар дайындау. ( №3, 4, 5, 8 әдеб)

Қорытынды

Мен курстық жұмысымды жазғандағы көздеген мақсатым бұл кәсіпкерліктің мәні, формаларын және бағыттарын ашып көрсету болған. Мен осы курстық жұмысымды толық қамтыдым деп ойлаймын.

Кәсіпкерлік бұл адам баласының бойына біткен қабілет, талант болып табылады. Басқаша айтқанда бұл үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, кең көлемді тәуекелге бел байлау, іскерлік.

Республикамыз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін елімізде жылдан-жылға кәсіпорындардың саны көбеюде. Нарықтың қатаң талабына шыдай берген кәсіорындар өміршең болып, банкротқа ұшырамай жұмыс істеуде. Нарықтың ең басты талабы – кәсіпорындардың көлемі неғұрлым шағын болса, олардың шығыны азайып, табыстан түсетін пайда солғұрлым арта түседі. Кәсіпорындардың тауарына сұраныс неғұрлым көп болу үшін, кәсіпорындар арасында бәсекелестік пайда болып, сол бәсекелестің арқасында өндіретін өнімнің бағасы түсе бастап, сапасы артып, тұтынушылар ала бастайды.

Елімізде кәсіпорындардың санының көбеюі бұл қоғамда жұмыссыздықтың санын азайтады. 2003 жылғы мәліметтер бойынша 442,3 мың кәсіпкерлік субъектісі есепке алынған болатын, оларда шамамен 1,2 млн адам жұмыс істейді. Біз осылардың барлығынан халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға кәсіпкерліктің мәні зор екенің байқаймыз.

Мемлекеттің басты байлығы болып саналатын әрбір адамның өмірі, құқығы және бостандығы сондай-ақ бизнеспен яғни кәсіпкерлікпен айналысуы. Қазіргі кезде республика 2004 жыл бойынша көптеген кәсіпорындар тіркелген яғни 135,1 мыңнан астам. Оның ішінде шағын кәсіпкерлік 127; орта кәсіпорындар 10,789; ірі кәсіпорындар 2,022. Есептелген деректер бойынша 2004 жылғы өнімнен түскен табыс 49263,5 млн теңге құраған болатын. Яғни біз бұдан байқағанымыз кәсіпорындардың табыстары мемлекет бюджетін ұлғайтатынын көрдік.

Белгілі Австриялық экономист И.Шумпетер айтқандай, кәсіпкерлік – жұмыстың бір түрі емес, тұнып тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет.

Жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін таба білуі керек. Хас тәуекелге бел байлап, қорқуды, үрейді жеңе білу, болып жатқан құбылыстарға еш байланыссыз шешімін анықтау.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық жанашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т.б. мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі “мүмкіндік - искусствосы”.

Қолданылған әдебиет

  1. Е.Б Жатқанбаев, С.А. Досқалиев, А.Б. Көшербаева “Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс”. оқулық. Алматы, 1994 ж.
  2. Қадыржанов Е.К.

Ұжымдық нысандағы кәсіпкерлік қызметті бірлесе басқару: Ғылыми публицистика. Алматы экономика 2001 ж. 38 бет.

  1. Дүкенбаев Е. “Ақиқат” газеті 2000ж №12. 12-28 бет.
  2. Тұржанов.

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталар іс саяси ауқымды. “Алматы ақшамы” газеті 2003     3 маусым 21 бет.

  1. Шайынғазы С. Әліпбай С.

Кәсіпкерлік кемел келешек кепілдігі. “Егемен Қазақстан” газеті 2005ж 26 наурыз.

  1. Ілдебаев Т.

Экономиканы дамыту- кәсіпкерлер қолында. Алматы ақшамы газеті 2003ж 1 қараша.

  1. Статистикалық баспасөз Бюллетень. №4 Алматы,2004 ж.
  2. “Жас алаш” газеті 20 желтоқсан 2004 ж.

Похожие материалы