Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қаржы шетелдіктерге бөлініп жатыр: Асанәлі Әшімов Аида Балаеваға хат жолдады

Қаржы шетелдіктерге бөлініп жатыр: Асанәлі Әшімов Аида Балаеваға хат жолдады

Қазақ киносы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Еңбек ері, кино және театр актері Асанәлі Әшімов Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға кинематографистер атынан хат жолдап, киноны қаржыландыруға қатысты алаңдаушылық білдірді.

Әйгілі актер хатта 11 шілде күні жарияланған мемлекеттік қолдау алатын фильмдер тізімінде Израиль азаматы Тимур Бекмамбетов пен Франция азаматы Рашид Нұғмановтың жобалары да барын, олар сұрап отырған 700 млн теңгеге 5 фильм түсіріп, 300-400 маманды жұмыспен қамтуға болатынын жазады.

Салық төлеушілердің қаражаты басқа елдерден келген «легионерлердің» күмәнді жобаларына кетпеуі керек деп санаймыз, деген Мәдениет қайраткері министрден жағдайды өз бақылауына алуды сұрайды.

 

Ұқсас материалдар