Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан соты Lufthansa әуе компаниясын жолаушыларға өтемақы төлеудә міндеттеді

Қазақстан соты Lufthansa әуе компаниясын жолаушыларға өтемақы төлеудә міндеттеді

Қазақстан соты немістің Lufthansa әуе компаниясын жолаушыларға келтірілген материалдық шығынды және моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Бұл туралы адвокат Данильхан Шағатаев өзінің Telegram-арнасында жазды.

2023 жылдың соңында Франкфурт-Майннан Алматыға бет алған әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауларға байланысты Астана қаласына шұғыл түрде қонды.

Адвокаттың айтуынша, жолаушыларға сол кезде тиісті жағдай жасалмаған. Атап айтқанда, оларға ыстық тамақ, салқын сусын, қонақүй және трансфер ұсынылмады. Әуе компаниясы тарапынан ешқандай ақпарат берілмегендіктен, жолаушыларға кейіннен шығындарын қайтарамыз деген уәдемен өз беттерінше билет сатып алу ұсынылған. Нәтижесінде, жолаушылар 2023 жылдың 22 желтоқсанындағы FlyArystan рейсіне билеттерді өз қаражатына сатып алуға, сондай-ақ қонақүй мен жүк үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болды.

Әуе компаниясының өкілдері шығындарды өтеуге уәде бергенімен, жолаушылар аталған қаржыны әлі күнге дейін алмаған. Бұл мәселе бойынша Азаматтық авиация комитетіне бір жарым жыл бойы шағым түсірілгенімен, нәтижесіз қалды.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Монреаль конвенциясының негізінде шетелдік әуе компаниясына қатысты шағымды Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты қарады.

Сот шешіміне сәйкес, Lufthansa әрбір жолаушыға билет құнын, қонақүй мен жүк шығындарын, моралдық зиянды және сот шығындарын толық көлемде өтеуге міндеттелді. Дегенмен, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас материалдар