Алматы. 4 шілде. 7kun.kz - «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылғы 3 шілдеде басқарма құрамы ауысты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа өзгеріске сәйкес банктің басқарма төрағасы Марк Хольцманның орнына Ульф Вокурка тағайындалды. Марк Хольцманның басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттілігі тоқтатылды. Сонымен бірге басқарма төрағасының бірінші орынбасары Искандиров Абай Мұқашұлының, басқарушы директорлар Әміров Рашид Өтебайұлы, Дәрменов Асқар Ахмағамбетұлы, Ельцов Сергей Валерьевич, Инебеков Мұхит Қабылтайұлы, Қарақұлов Міржан Елдесұлы, Құсаинов Ерұлан Айташұлы, Давид Машури, Сүлейменов Мұрат Кеншімұлының да өкілеттіліктері тоқтады.
Бүгінгі жағдай бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ басқармасының құрамы келесідей болды:
Ульф Вокурка – басқарма төрағасы;
Байжанов Ұлан Сапарұлы – басқарма төрағасының орынбасары;
Зданович Лариса Петровна – басқарма төрағасының орынбасары;
Сартаев Дәурен Жанкісейұлы – басқарма төрағасының орынбасары;
Сатубалдина Жаннат Сағандыққызы – басқарма төрағасының орынбасары;
Жағыпаров Нұрлан Төлеужанұлы – басқарушы директор, басқарма мүшесі.
Басқарма құрамының жаңа мүшелері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкпен келісілуі тиіс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024