Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы. Олар белгілі ортада әрекететеді және өзара толықтырушы сипатта болады. Кейін, М.Потердің нұсқауынша, кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе басқа территориялар әкімшіліктік бірліктен нұсқалануы мүмкін, мысалы, әкімшіліктік облыстаң елдің барлық территориясына кейде көрші елдерге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде кластерге бөлуді, оның өнеркәсіп - өндірісті ошақты анықтаудан бастаудан жөн. Сосын таңдап алынған ошаққа тиесілі тауар мен қызмет көрсетудің инфраструктуралық сигменттері анықталады. Кластерді қалыптакстырудың критерийі ретінде өндіріс пен оның құраушыларының тиімділігінің өсуін айтады.
Дамушы экономикады кластердің қалыптасуына білім деңгейінің төмендегі, жұмыс күшінің төменгі классификациясы, технологияның әсіздігі, керекті капиталдың жетіспеуі, қоғамдық инстуттардың әлсіз дамуы кедергі болады. Үкімет пен әкімшілктің саясаты кейде кластердің қалыптасуына кері әсе тигізуі мүмкін. Оқу орындарының бағдарламалары Қазақстанда кластер талаптарына сәйкес келмей жатады. Аймақтардағы кластерден тыс жеке жұмыс істейтін компаниялар кластердің дамуын тежейді.
Белгілі американдық ғалым Майкл Потер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелеуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсаса нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай – ақ, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс. М.Потердің әдістемелік ұстамы – ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес деп санайды. Жіңішкерек амал, ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы елге негізделген фирмаларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды
Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады? Немесе неліктен кіп – кішкентай Швейцарияда фармацептикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге, ауыр жүк машиналарын және тау – кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған? Неге, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары, орайтын жабдықтар мен автоматтындарылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника, роюот, фото, көшірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтап ұстауда?
Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір – біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге байланыстырыған. Мысалы, Италияда экспорттың 40 пайызға жуығы азық – түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді көркейтумен байланысты салалар кластерлерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық экспорттың 50 пайызынан астамын тасымалдаумен, металлургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.
Ал өз елімізді қарастратын болсам, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы 19 науырыздағы Қазақстан Халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесі міндет қойып былай деді: «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.
Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы айқындап алуымыз қажет. Даму инститтуры болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы қажет».
Бірінші жарты жыдықтағы ел экономикасының дамуын қорытындылай келе Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Премьер – Министр Д.Ахметов Үкімет ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кластерді дамыту жөнінде жұмыс жасап жатқанын айтты. Премьер: біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады деп мәлімдеді. Сала тиімділігін арттыру мәселесі – шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін тереңірек өңдеуді ұйымдастыру және экономиканың өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегінің агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге келтіруді талап етеді.
І тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы.
Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы. Олар белгілі ортада әрекететеді және өзара толықтырушы сипатта болады. Кейін, М.Потердің нұсқауынша, кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе басқа территориялар әкімшіліктік бірліктен нұсқалануы мүмкін, мысалы, әкімшіліктік облыстаң елдің барлық территориясына кейде көрші елдерге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде кластерге бөлуді, оның өнеркәсіп - өндірісті ошақты анықтаудан бастаудан жөн. Сосын таңдап алынған ошаққа тиесілі тауар мен қызмет көрсетудің инфраструктуралық сигменттері анықталады. Кластерді қалыптакстырудың критерийі ретінде өндіріс пен оның құраушыларының тиімділігінің өсуін айтады.
Өндіріс тиімділгінің индикаторы ретінде кластер ошағының негізгі қызығушылықтарына сәйкес келетін әртүрлі көрсеткіштерді айтамыз. Баса айтатын нәрсе, өндірістің қосалқы құрамына әрпрофильді бірлестіеһктер мен оқу орындары кіреді, олар кәсіби кадрлар дайындаумен, жаңа технологияларды жасаумен айналысады. Бірақ, М.Потредің айтуынша, олардың негізінде кластердің қатысуңшыларына айтарлықтай әсер ететін үкіметтік немесе басқа да заң құрылымдары болуы керек. Бұл кластердің қалыптасуының аяқталуын бағалайтын негізгі сұрақ. Үкіметтің қолдауынсыз ешқандай кластер сәтті жұмыс жасауы мүмкін емес, сәйкесінше өз мақсатына жете алмайды. Мысалы, Калифорниялық шарап кластері арнайы Калифорния Сенаты мен Ассамблеясының демеуімен жұмыс жасайды. Яғни, мемлекеттік шенеуніктердің кластредің қалыптастырудағы ролін асқақтату және шығармалық еңбектерін бағалау – олардың ішінде коррупцияның дамуына қарсы қуатты құрал болып табылады.
Кез келген кластердің шекарасы салалық құрал мен пунктердің территориялық әркелкілігімен салыстырғанда түйіндескен өндірістердің таралуы агломерация тиімділігімен анықталады. Агломарация тиімділігі кластердің салалық құрамының қосымша бір өндіріс бірлігіне өсуі, яғни кластер құрамына қосымша бір өндірістің қосылуы: егер жаңа кластердің суммасы жоғары болса, онда агломерация тиімділігіне жоғары болады. Кері жағдайда, кластердің салалық құрамының қалыптасуы аяқталады және кластер құрамына қосымша, онда бұл ұқсас жағдай: агломерация тиімділігі транспорттық тосуларды төмендету есебінен болады.
Ірі кластердің әлемдік даму тәжірибесі айтарлықтай. Олар – слотүстік және оңтүстік Каролинадағы тоқыма компаниялары, Германияның оңтүстік бөлігіндегі автокөлік компаниялары, Италиядағы модельді аяқ киім өнеркәсіптері, Калифорнияның шарап жасаушы топтар, Португалия мен Швециядағы орман және ағаш өңдейтін өнеркәсіптер. Қазақстан үшін жергілікті бәсекелестікті қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибе үлкен қызығушылық тудыруда. Мұндай жергілікті кластерлерге мысал болатын Голливудтағы ойын – сауық индустриясы, Нью – Йоркеті қаржы кластері, Хай – Поинттегі тұрмыстық техника шығаратын кластер. Мысалы, Манхэттендегі мультимедиялық кластер фирманы қамтамасыз ететін провайдерден, олар өзара байланысты салалардан тұрады, баспалардан, радио мен видеодан құралған. Қазақстан үшін қызығушылық тудырғаны аймақтық кластер, мысал ретінде М.Потер Португалиядағы аймақтық кластердегі қарастырады.
Дамушы экономикады кластердің қалыптасуына білім деңгейінің төмендегі, жұмыс күшінің төменгі классификациясы, технологияның әсіздігі, керекті капиталдың жетіспеуі, қоғамдық инстуттардың әлсіз дамуы кедергі болады. Үкімет пен әкімшілктің саясаты кейде кластердің қалыптасуына кері әсе тигізуі мүмкін. Оқу орындарының бағдарламалары Қазақстанда кластер талаптарына сәйкес келмей жатады. Аймақтардағы кластерден тыс жеке жұмыс істейтін компаниялар кластердің дамуын тежейді.
Кластердің дамына шабыт беретін М.Потердің айтуынша ішкі сауда, ішкі бәсекелестіктің дамуы мен инвестиция. Ішкі бәсекелестік жергілікті органдар мен институттардың өздігінен дамуына жол ашса, ішкі сауда Халықаралық деңгейге шығуға жол ашады.
Шұғыл дамып келе жатқан Қазақстан экономикада бизнесті дамытуға қажетті факторлар мен институттар екі астанада немесе соның төңірегінде шоғырланған. Себебі, экономикалық өрлеудің алғашқы кезінде басқа аудандар аталмыш талаптарға сай емес. Мұнда Қазақстан үшін Жапонияның тәжірибесінің практикалық мәні бар, онда өндірістік жеткізулердің 50% Токио мен Осака үлестеріне тиесілі. Жапонияда экономикалық ұрбандалу өте тиімді жүруде. Осыны негіздеп айтсақ, Астана маңайында жаңа елді мекендер шоғырланып, жолдар салынып, Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуын тездетуде.
Қазақстан кең – байтақ жерінде әртүрлі өнеркәсіпке, минералды – шикізат базасына, ауыл шаруашылығына қажетті ірі алқаптарға бай және жергілікті халықтың төменгі урбандалу дәрежесі бірнеше кластерлердің пайда болуын талап етеді. Тарихи жағынан қарасақ, мұндай жұмыстар қазақ жерінде жүргізілген. Кеңес заманында жоспарлау органдары 3 түрлі территория - өндірістік кешендерді қалыптастырумен айналысқан, олар Павлодар – Екібастұз, Маңғыстау және Жамбыл – Қаратау, ал ірі ғылыми орталықтар олардың кешенді дамытумен айналысты. Ал қазір осы бағытта министрліктер, ведомстволарда әртүрлі органдарда жұмыс жасалуда. 2003 жылы Президент жарлығымен 2015 жылға дейін индустрия – инновациялы даму стратегиясы қаюылданды. Онда қара мен түсті металл өндірудің аяқтау сатылары көрсетілген. Осымен бірге мұнай химиясы, агросектор, транспорт пен телекоммуникация қарастырылған. Аталмыш өндірістердің бәсекелестігін арттыру критерийі ретінде қосымша құн тізбегін еңгізу қарастырылған. Осымен қатар Қазаұстанда жоғары технологияны дамыту және ғылымды көп қажет ететін ірі кластерлердің дамуына жол ашатын салалардың дамуы байқалуда. Оларды қаржылық қамтамасыз ету үшін арнайы даму инститтутарының торабы қалыптасқан.
Қазір іске асып жатқан даму бағдарламаларын сараптау мен олардың тиімділігін бағалауда және басқа да маңызды экономикадағы бағыттарды дамытуда кластерлік сараптау әдісінің ролі үлкен емес. Кластерлік сараптау әдісі өндірістік – технологиялық көппрофиьдегі тораптарды дамытуда «тар орындарды» анықтауда таптырмас әмбебап әдіс.
ІІ тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі.
2.1. Майкл Потердің кластер жайлы көзқарасы.
Белгілі американдық ғалым Майкл Потер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелеуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсаса нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай – ақ, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.
М.Потер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамның экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса – ол бір басқа, ал енді қозғаушы күл ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз кереек екенін анықтауға тиіспіз.
Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс. М.Потердің әдістемелік ұстамы – ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес деп санайды. Жіңішкерек амал, ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы елге негізделген фирмаларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды.
2.2. Германиядағы, Швециядағы Жапониядағы, Италиядағы кластерлердің даму процесі.
Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады? Немесе неліктен кіп – кішкентай Швейцарияда фармацептикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге, ауыр жүк машиналарын және тау – кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған? Неге, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары, орайтын жабдықтар мен автоматтындарылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника, роюот, фото, көшірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтап ұстауда?
Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір – біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге байланыстырыған. Мысалы, Италияда экспорттың 40 пайызға жуығы азық – түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді көркейтумен байланысты салалар кластерлерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық экспорттың 50 пайызынан астамын тасымалдаумен, металлургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.
Данияда үй үшін тауарлар өндіретін және денсаулық сақтаумен (фармацептика, витаминдер, медициналық жабдықтар және т.б) байланысты бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері бар. Швеция целлюлоза ен қағаз өндіруде ғана бәсекеге қабілетті болып қоймайды, сондай – ақ, ағаш өңдейтін жабдықтар, металл қорытатын қазандар, конвейірлік жүйелер, бақылаушы өлшуіш құралдар, целлюлоза мен қағаз өндіру үшін қажет жабдықтар шығаруда да бәсекеге қабілетті.
Ірірек елдерде кластерлердің саны көбірек болып келеді, олардың бар екендері әрқашан айқын көрінеді. Германияда жоғарыда атап көрсетілген ірі кластерлерден басқа да кластерлер бар және ол кластерлер келесі салалардан көрінеді: химия өндірісінд, металлургияда, көлікте және баспада. Осы салалардың әрқайсысында да ақырғы негізгі өнімді, осы өнімді даярлау үшін қажет жабдықтарды өндіруде ел табысқа жеткен.
Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілеттілігін жасауға көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігнің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін технологиялармен қамтаммасыз етеді, ортақ өндірістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір – біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда байланысының барлық бағыттары бойынша бәсекелестік кластердің басқа бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбесін өсіре түседі.
Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы – ішкі бәсекелестер тобы жерде факторларды тудыру процесін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмаларды маманданған, бірақ та біртектес технологияларға ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезкгінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп соғады. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жұмсауға және мамандануға мүмкіндік тудырады.
Бәсекеге қабілетті салалар кластерді оның жеке бөліктерінің жай ғана қосындысының үлкен болып шығады. Оның ұлғаюы тенденциясы бар, өйткені, бір бәсекеге қабілетті сала басқасын туындатады. Мұндай өсудің бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар әр елде әртүрлі.ү
Айқын екі мысал: Жапонияда кластерлердің көлденең бағытта даму тенденциясы байқалады, өйткені, танылған Жапон компаниялары тектес салаларға кіруге белсенді түрде тырысады, бұған олардың мақсатының табиғаты мен ішкі әртараптандыруға деген бейімділігі мүмкіндік тудырады. Италияда кластерлер тік бағытта дамуда, өйткені, жаңа компаниялар бұрынғыдан да көбірек маманданған орындарға қызмет көрсету үшін бөлініп шығады және жабдықтаумен шұғылдана бастайды.
Кластерлер даму процесінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салар арасында қажеттілік, техника мен технология жөнінде ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде және сонымен қатар, әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады.
Әр түрлі елдерде, ал елдердің ішінде - әртүрлі салаларда кластерлердің сипатында және қызметтің тиімділінде қатты айырмашылықтар байқалады. Қай жерде ұлттық ерекшеліктер кластер ішінде өзара алмасуға мүмкіндік тудырса, елдің маңызды артықшылыққа қолы сол жерде жетеді.
ІІІ тарау. Қзақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі.
3.1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Халыққа жолдауындағы басты мәселе «индустриялы дамытудағы кластерлік жүйені қолдану.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы 19 науырыздағы Қазақстан Халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесі міндет қойып былай деді: «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.
Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы айқындап алуымыз қажет. Даму инститтуры болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы қажет».
Бірінші жарты жыдықтағы ел экономикасының дамуын қорытындылай келе Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Премьер – Министр Д.Ахметов Үкімет ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кластерді дамыту жөнінде жұмыс жасап жатқанын айтты. Премьер: біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады деп мәлімдеді. Сала тиімділігін арттыру мәселесі – шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін тереңірек өңдеуді ұйымдастыру және экономиканың өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегінің агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге келтіруді талап етеді.
Үкімет басшысы Даму Банкінің жүелі технологиялық тізбектермен байланысты жобаларды кезең – кезеңімен қаржыландыру арқылы тоқыма өнеркәсібінің дамуына кластерлік тұрғыдан қарауын қолдайтынын білдірді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта талшығынан есілген жіп өндіру жобасымен қатар, Семейде жүн дайындау және оны өңдеудің жобасы қаржылындарылмақ, сондай – ақ, Өскеменде химиялық талшықты қолдану арқылы мақта өндіру жобасы да қаралып жатыр.
Ел Президенті үшінші рет шақырылған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде экононмиканың әртүрлі секторларында кластерлерді қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Мәселен, ол жоғарырақ қайта бөлістерді енгізуге, жаңа индустриялдық кластерлерді қалыптастыруға баса көңіл аудара отырып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін анықтайтын экономика секторларын дамыту туралы айтты. Ол, сондай – ақ, елімізде машина жасауды, мұнай, химияны, құрылыс индустриясын және жеңіл өнеркәсіпті дамытудың елеулі түрдегі әлеуеті бар деді. Агоөнеркәсіптік кластерлерді, мәселен, Оңтүстік Қазақстанда мақта және шарап салаларындағы кластерлерді қалыптастыру арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің болашағы бар.
Көріп отырғанымыздай, мемлекет Басшысы мен Республика Үкіметі экономикакда кластерлерді қалыптастыруға үлкен көңіл бөледі және ерекше маңыз береді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кластерлік тұрғыдан келу ұлттық экономиканың басымдықтарын анықтайды және оның бәсекелік қабілетін арттыруда үлкен рөл атқарады.
3.2. Қазақстан Республикасының кластерлердің түрлері және дамуы.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені ұлттық агроөнеркәсіп кешенінің ақырғы дайын өнімдеріне жататындар: азық – түлік өнімдері, киім, темекі бұйымдары.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесідей кластерлер дамуы мүмкін: астық өңдеу жөніндегі, сүт өңдеу жөніндегі, ет өңдеу жөніндегі кластерлер. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін және жүнді өңдейтін кластерлер өркендеуі мүмкін. Сондай – ақ, агроөнеркәсіп кешені шеңберінде тігін бұйымдарының кластері және тері мен аяқкиім өндіру жөніндегі кластер құрудың мүмкіндігін қарстыруға болады.
Қазақстан экономикасында мақта шаруашылығ елеулі орын алатыны талшығын 140,3 млн. долларға экспортқа шығарды. Экспорттың жалпы сомасының 1,1 пайызын ғана құрағанына қарамстан мақта талшығы Қазақстан ауыл шаруашылығы экспортқа шығаратын екі өнімнің бірі. 140,3 млн. доллар аз ақша емес. Мақтаны біз негізінен мақта талшығы күйінде экспортқа шығарамыз. 2003 жылы экспортқа 1,9 мың тонна ғана мақта маталары – 3,7 млн. долларға шығарылды. Ал дайын өнім шығару деген атымен жоқ. 2003 жылы 403 мың тонна шитті мақта өндіріп, 124,1 мың тонна мақта талшығын экспортқа шығара отырып, басқаны былай қойғанда, өзімізде еркектің шұлығын, ішкиімдерін шығара алмай отырмыз. Ал мақтадан дайын өнім шығарып сатсақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады, жұмыссыздық азаяды, жұмысшылар жалақы алып, табыс табады, дайын өнім өндіру ішкі жалпы өнімнің, экспорттың көлемін арттырады, басқа да жетістіктерге жеткізеді. Осы жерде айта кетерлік бір жәйт, біз мақта талшығын да дұрыс сата алмай отырмыз. Мәселен, 2003 жылы оның 1 тоннасын Иранға 1300 доллардан, Латвияға 1200 доллардан сатсақ, Ресейге, Қытайға, АҚШ – қа 1000 доллардан сатыппыз.
Мақта өндейтін кластер құрсақ матадан бастап, киім – кешектің, төсек – орынның неше алуан түрлерін, өсімдік майы, бояулар, медициналық, косметикалық тауарлар сияқты өнімдер өндіретін тігін өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, медицина өнімдерін шығаратын өнеркәсіптер елімізде кеңінен дамитын болар еді.
Мақта шаруашылығының осындай маңыздалағын ескере отырып мақта өңдеу жөніндегі кластердің суретін беруді ұйғардық.
Суреттен көрініп тұрғандай, мақта өңдеу жөніндегі кластердің құрамына мақтаны өңдеу мен маталар өндіру, медициналық және техникалық мақта және басқа да тауарлар шығару үшін шикізат ретінде мақтаны кешенді өңдеу енеді. Кластерді құру үшін осы салаға қатысты ғылым саласын және қолданбалы ғылыми – зерттеу тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелерді, нақты кәсіпорындарда осы сала бойынша жаңа технологияны енгізу жөніндегі экономикалық және маркетингтік зерттеулерді дамытудың арнайы бағдарламасын жүзеге асыру қажет.
Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында 9 мақта зауыты бар. Сондай – ақ, салынып жатқан кәсіпорындар да баршылық, олар:
- Шымкентте қуаты жылына 30 мың тонна мақта өңдейтін зауытты «Шампиев» АҚ және Атакент салып жатыр. Оның тауарлы өнімнің жылдық сомасы 10 млн. доллар болмақ.
- Шымкентте «Әсем» ЖШС пен Атакент медициналық мақта шығаратын цех салынуда. Ол біткен соң жылына 1000 тонна өнім (құны 3 млн. доллар тұратын) шығармақ.
- «Нимекс корпорпһациясы» ЖШС қуаты 80 мың тонна мақта өңдеуге жететін мақта зауытын салуда. Келешекте осы зауыт мақта майы мен мақтадан иірген жіп шығармақшы.
- «Қазақстан мақтасы» корпорациясы Жетісай қаласында қуаты жылына 35 мың тонна мақта өңдеуге жететін мақта зауытын салуда.
- «Инада Текстиль» Қазастан – Қытай кәсіпорны Қоңырат селосында жылдық қуаты 6 мың тонна зауыт салуда.
Бүгінде жұмыс істеп тұрған тоқыма өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Алматыдағы АММК тоқыма компаеиясы мен Шымкенттегі «Эластик» галантереялық фабрикасы. Тігін кәсіпорындарын келешекте Алматы қаласында дамыту тиімді сияқты. Бұл облыс әкімдері менАлматы қаласы әкімі бірігіп шешетін мәселе деп санаймыз.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің кластер арқылы қарқынды дамитын келесі саласы жүн өңдеумен байланысты. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы обыстарында жүн жуатын және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары қайта дами бастады, Алматы, Өскемен, Семей қалаларында жүннен жасалатын тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі ұлғайып келеді. Әскерилер мен Ішкі істер қызметкерлері үшін тауар өндірудің көлемі де өсуде.
ЖҮН ӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕРДІҢ ӨНДІРІСТЕРІ
Ауыл шаруашылығымен байланысты құруға болатын кластердің бір түрі тері өңдеу және аяқ киім шығару жөніндегі кластер болмақ. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қақастан, Қостанай облыстарында, Семей қаласында былғары – тері өнеркәсібінің кәсіпорындары өз қуаттарын арттыра түсуде, ал Алматы, Қаскелең, Қызылорда және Жамбыл қалаларында аяқкиім өндірісінің көлемі өсе бастады.
Қазақстанда жиһаз өндіру жөніндегі кластер құрудың мүмкіндігі де, экономикалық тиімділігі де үлкен. Жиһаз халық тұтынатын тауарлардың ең маңыздырадың бірі, оның үлесіне халық сатып алып ұзақ мерзімге пайдаланатын тауарлардың жалпы сомасының 40 пайызы келеді.
Реформа жылдары 1999 жылға дейін ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі қатты күйзеліске ұшырап, құлдырап кетті. 1990 жылмен салыстырғанда тауарлы өнім көлемі 6 есеге қысқарды. Ағаш дайындау 1991 жылғы 2,5 млн. текшеметрден 1999 жылы 885 мың текшеметрге дейін немесе 2,8 есеге азайды.
Қазіргі кезде жиһаз өндірісі кең түрдегі және әралуан ассортименттегі, жоғары сапада жасалған және бағасы бәсекеге лайық болуы үшін оның өндірісі оңтайлы шоғырлануы, оның мамандану және бірлесу процестері терңдеуі қажет. Бір жағынан жиһаз үшін керекті құрамдас бөліктерді шығару жөніндегі арнайы жабдықтарды пайдалануға негіделген маманданған өндірісті дамыту қажет.
Екіншіден, оңай және тез қайта құратын станоктар мен механикаландыру құралдарын, икемді технологияны пайдаланатын, көбіне өте қажетті құрамдас бөліктер мен жинақтаушы бөлшектерді сатып алатын жиһаз кәсіпорындардың жүйесін дамыту қажет.
Орман өнеркәсібі кешенінің дамуына кедергі келтіріп отырған бөгеттер де жетерлік. Олардың кейбірін ғана атасақ: салаға жұмсалатын инвестициялық деңгейінің төмендігі, өндірстің техникалық және технологиялық тұрғыдан кейін қалуы, ағаш даярлайтын саладағы жабдықтардың моральдық және табиғи тозуы, 2002 жылы кесілген ағашты, жартылай дайын өнімдерді, ағаштан жасалған дайын өнімді экспортқа шығаруға тыйым салынғаны, 2001 жылмен салыстырғанда өсіп тұрған ағаштың құнының 16 – 20 есеге қымтаттануы, ағаш тақталарын және кесілген ағаштарды шығару жөніндегі отандық өндірісті жою, техникалық кадрларды дайындаудың сан жағынан да, сапа жағынан да қанағаттанғысыздығы, оқытушылар мен кәсіпорын басшыларының мамандығын көтеретін орталықтың жоқтығы, оқу орындарының материалдық базасының әлсіздігі. Саланы ойдағыдай дамыту үшін осы аталған және басқа да проблемелерды шешу қажет.
Қазастан экономикасында отын – энергетика кешені жетекші орын алады. Оның үлесіне негізгі құралдардың 36 пайызы, өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлердің 29 пайызы келеді және оның өнімі ІЖӨ - де 39-44 пайыз аралығындағы болып келеді. Саланың түпкі өнімі жылу энергиясы, электр энергиясы, қатты және сұйық отындар.
Отын – энергетикалық кешенде кластерлерді дамыту жөнінде екі басымдықты өңірді атауға болады – бұлар Батыс Қазақстан мен Павлодар – Екібастұз өңірі.
Батыс Қазақстанда мемлекетаралық кластерлер дамуы мүмкін, олар мұнай мен газды өндіру және өңдеу жөніндегі трансұлттық корпорациялармен байланысты болмақ. Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе қалалары бойынша нақты кластерлер облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып анықталуға тиіс. Олар, ең алдымен жұмыс істеп тұрған өндірістердің базасында а нықталғаны жөн. Мәселен, Атырау қаласында мұнай өңдеу зауытының базасында. Ақтау қаласында да алдағы уақытта мұнай өңдейтін зауыт салынуы мүмкін және ол полистрол шығаратын зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін болады.
Павлодар – Екібастұз өңірінде энергетикалық кластер қалыптаса бастады десе болғандай, ол Екібастұздың көмірін өндірумен және Ресейге электр энергиясын берумен байланысты. Көмір өндіру саласында қалыптасатын бұл кластер Екібастұздың көмірін байытумен және әртүрлі ассортиментттегі көмір брикеттерін шығарумен, синтетикалық сұйық отын шығару және су эмульсиялық суспензияны өндіруді игеру үшін көмірді шикізат ретінде кешенді түрде өңдеумен шұғылданатын өндіруді игеру үшін көмірді шикізат ретінде кешенді түрде өңдеумен шұғылданатын болады. Бұл кластер үшін саоаны және қолданбалы ҒЗТКЖ, осы салада жаңа технологияны енгізу үшін экономикаклық және маркетингтік зерттеулерді дамытудың арнайы бағдарламасы жасалып, жүзеге асуға тиіс.
Басымдықты кластерлердің үшінші тобы мұнай – химия өндірісін дамытумен байланысты. Мұндай кластерлерді ұйымдастыру ішкі және сыртқы рыноктарда сұраныс табатын өнімдерді, соның ішінде этилен, полиэтилен, полистрол, поливинилді өндірумен байланысты.
Электр энергетикалық кластердің негізін электр станциялары және жылу энергиясын беретін аудандық ірі қазандар құрайды. Аталған кластердің құрамына электр және жылу энергияларын өндірушілерден басқа жүйелік құрылысты, құрылыс – монтаж, жөндеу жұмыстарын жүзеге асырушы, жабдықтар, құбырлар мен ток өткізбейтін материалдар өндіретін кәсіпорындар кіруге тиіс.
Атырау облысында мүнай – газ кластері құрылса, ол мұнай өнімдерін, мұнай коксін, мұнай битумын, табиғи және сұйытылған газды, грануленген күкіртті, т.б. түпкі өнімдерді шығаратын болады.
Осы облыста мұнай – химия кластері құрылса, ол полиэтиленді құбырлар, полипропилен пластмассадан жасалған бұйымдар: құбырлар, түтіктер, тақталар, табақтар, пленкалар, қаптар, сөмкелер, есіктер, терезелер, есіктің қораптары, терезе рамалары, терезе қақпағы, терезе жапқыштар және басқаларын шығаратын болады
МҰНАЙ – ХИМИЯ КЛАСТЕРІНІҢ НОБАЙЫ
Қазақстанның тау – кен- металлургиялық кешені металлургиялық шикізат өндіретін, оны байытатын және шойын, болат, қара және катодтық мыс, қорғаныс мен мырыштан кесек бұйымдар түрінде өнім шығаратын 33 кәсіпорыннан тұрады. Қазақстанның қара металлургиясына оның өнімін қайта өңдеудің қысқа циклі тән, өнімнің негізгі көлемі (97 пайыз) қайта өңдеудің 2 – 3 деңгеймен шектеледі. Басқадай сипатына оның ішкі рынокке түпкі өнім шығаруға бейімделегені, сала инвесторларының Қазақстанның индустриялық – инновациялық даму стратегиясына мүдделі еместігі жатады.
Металлургия кешені домналық кокске аса зәру. Жыл сайын 1 млн. тоннаға жуық кокс Ресей мен Қытайдан әкелінеді. Мәселен, 2003 жылы оның импорт көлемі 959 мың тонна болып, 58,9 млн. долларға сатып алынды.
Қазіргі кезде қара металлургиялық өнімдерден бәсекеге қабілеттері темір мен болаттан жасалған илек. Бұл саланың ірі бөлігі ферроқортпа өндірісі болып табылады. Оның құрамына «Дон ТБК» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа зауыты», «Феррохром» Ақ кіреді. Бұл өнімді шығаруда кәсіпорындар арнайы кокске зәру. Домна коксі бұған жарамайды. Қара металлургия саласында құрылып дамытылмақ кластері келесі суреттен көрінеді.
ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ КЛАСТЕРІНІҢ НОБАЙЫ
СҮТ ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕР
Бұл кластер бойынша статистикалық деректер мен 2000-2002 жылдарғы салааралық балансқа сәйкес ілеспелі өндірістердің қазіргі жағдайы энергетика салаларымен өзара байланысының күшеюімен сипатталады.
Кластердегі өнімдер арасындағы байланыстар серпіні Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік және Солтүстік облыстарда күшейе түсуде және олар сут өндіру мен өндеуге маманданған.
СҮТ ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕРДІҢ ӨНДІРІСІ
ЕТ ӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕР.
Кластердегі өнімаралық серпіні Шығыс Қазақстан облысында,Оңтүстік Қазақстан облыстарында күшейеді, оларда мүйізді ірі қара мен құстың едәуір саны шоғырланған жәнеолар ет өндіру мен өңдеуге маманданған.
Үшінші суреттен республикада еттің тауарлық ресурсының жалпы көлемінде етті өнеркәсіпттік өңдеудің үлесін көтерудің үлесін көтерудің, етті өңдеуді тереңдетудің, ет өнімнің жаңа түрлерін игерудің( ауыл шаруашылық шикізатын) толығырақ пайдалану мақсатында жаңа өндірістерді орналастыру, ұзақ мерзімге сақталатын ет өнімдерінің өндірістерін құрудың) көкейкестігін көресіз. Қазіргі заманғы қоймалары және инновациялық инфрақұрылымды құру маңызды міндет болып табылады.
ЕТ ӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕРДІҢ ӨНДІРІСІ
3.3. Қазақстан Республикасының машина жасау жөніндегі кластерді құру жөніндегі мәселелер.
Қай елде болмасын машина жасау саласы мемлекеттің өндірістік әлеуетінің стратегиялық жағдайын анықтайтыны, сондай – ақ отын – энергетикалық және агроөнеркәсіптік кешендердің, көлік пен байланыстың, жеңіл өнеркәсіп пен тұтыну рыногының өнеркәсібінің қызметін қамтамасыз етететіні белгілі.
Машина жасайтын кәсіпорындар шикізат, энергия, материалдар, жинақтаушы бөлшектер мен тетіктер беретін бір – бірімен байланысты, аралас құралас жұмыс істейтін кәсіпорындарға бағынышты. Машина жасау экономиканың барлық салаларын байланыстырып отырады десе де болғандай. Бұл саланың дұрыс жұмыс істеуі ел экономикасының жағдайына бағынышты болса, сондай – ақ, мемлекет экономикасының жағдайының дұрыс болуы, өз кезегінде, машина жасаудағы жағдайға бағынышты.
Машина жасау кешенінің үлесіне өнеркәсіптік - өндірістік негізгі қордың 5 пайыздан азырағы, өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 4 пайыздан азырағы келеді. Көптеген кәсіпорындардың өндірістік қуатының 10-15 пайызы ғана пайдаланылады, кейінгі 8-9 жыл ішінде машина жасау кәсіпорындарының саны 2 еседен астамға қысқарады.
Машина жасау кәсіпорындарының жалпы санында машина жасау өнімінің түпкі түрлерін өндірушілер 5,4 пайызын құрайды, машина жасау өнімдерінің үлесіне экспорттың жалпы көлемінің 3 пайыздайы, ал импорттың 41 пайызы келеді.
Республика үкіметі 2000 жылғы қыркүйектің 9 – дағы №1347 қаулысымен «Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000 – 2003 жылдарға арналған» бағдарламасын қабылдады. Алайда, бұл бағдарламадан кейін бұл кешенде елеулі өзгеріс байқалмады.
Экономикасы дамыған елдерде ғылыми – зерттеу тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелерге жұмсалатын қаражат ІЖӨ - нің 3 пайызын құрайды, ал бізде ол 0,1 пайыз көлемінде. Бұл елдерде жоғары технологияны алдыңғы шепке шығарылуы инвестиция және халықаралық бәсеке мәселелерінде басымдықтардың басқаша түрлерін қалайтынын көрсетеді.
Машина жасаусаласы бұрынғыша үш бағытта дамуға бағдарланған: ауыл шаруашылығының жабдықтарға және техниканы жөндеуге деген сұранысын қамтамасыз ету; Қазақстан әскері үшін қару – жарақ шығару; мұнай өндіретін, тау- кен, байыту және металлургиялық жабдықтар, сондай – ақ, өнеркәсіптің басқа салалары үшін станоктардың және жабдықтардың кейбір түрлерін өндіру.
Кеңес үкіметі заманында Қазақстанда 245 мың трактор болса, содан қазір 46 мыңы ғана бар, оның 70 пайыздан астамы тозған, 100 мыңнан астам астық жинайтын комбайннан 22 мыңдай ғана қалды, соның да 70 пайцыздан астамы тозған. Олардан басқа жүк машиналары, тұқым сепкіштер, топырақ копсытқыштар, соқалар, тағы басқа да техникалар өте аз қалды, олар да тозығы жеткендер. Элеваторлардың қуатының 30-40 пайызы ғана пайдалынады, сондықтан олардың астық сақтау үшін жұмсайтын шығыны да, астық сақтауға қойған адамдардан алатын ақшамсының көлемі де өсуде. Астық өсірушілердің біразы астықтарын кептіріп және тазалайтын жабдықтары жоқ жерде сақтауда. Осының бәрі ауыл шаруашылығы үшін машина жасауды тезірек және кең көлемде дамытуды талап етеді.
Өнеркәсіптің мұнай – газ секторындағы жетістіктер Қазақстанда химиялық және мұнай өңдейтін машина жасаудағы жағдайды өзгертуді қалайды. «Теңізшевройл» компаниясы шетелден 1 млрд. АҚШ долларына жабдықтар мен жинақтаушы материалдар сатып алыпты, ал Қазақстандық кәсіпорындардың ол компанияға сатқан жабдықтарының 50 млн. доллар ғана. Міне, осы басты салаға қажет жабдықтар Қазақстанда көптеп шығарылуға тиіс.
Мемлекет азық – түлік қауіпсіздігін қамтамысз ету, ауыл шаруашылық өнімдерінің ысырабын азайту үшін машина жасау кәсіпорындары өнімді фермер шарушылықтарында тікелей өңдеп, сақтау үшін шағын өндірістер жасап шығаруға ұмтылулары қажет. Ондай шағын өндірістер көкөніс пен жемісті алғаш рет өңдеуге, сүт, ет өнімдерін өңдеуге арнайы жасалуы қажет, сондай – ақ шағын тоңазытқыш, мұздатқыш қондырғылар, шағын эдеваторлар, астық кептіргіштер мен шағын диірмендер жасап шығару қажет. Жер суаратын машиналар кешенін шығару керектігі тағы бар.
Қазақстанда экономиканың көптеген саласында құрал – саймандарға деген мұқтаждық пен сұраныс үлкен. Павлодарда жалғыз құрал – сайман шығаратын зауыт бар. Құрал – сайман жүздеген миллион долларға шетелдерден сатып әкелінуде. Қазқстанда көлік және жол құрылысы, мұнай және газ құбырларын дамыту, олар үшін керекті жабдықтарды, жинақтаушы бөлшектерді, әртүрлі арматура шығару міндеті тұр. Желдің, шағын өзендердің қуатын электр энергиясын өндіру үшін пайдаланудың маңызы зор. Сол шағын станциялар салуға жабдықтар әзірлеу қажет.
Осы айтылғанның бәрі Қазақстанда ішкі және сыртқы рынок үшін машина жасау жөніндеі кластерлерді құрудың ауадай қажет екенін айқын көрсетеді.
Қорытынды
Қортындыға келсем, қазіргі кездегі Қазқстан өнеркәсібі шикізаттық сипатта боып отыр, экспорттық тауарлар құрамында бәсекеге қабілетті дайын тауарлар жоқ, экспорт арқылы негізінен минералдық өнімдер, өнделмеген немесе шала өңделген қара және түсті металдар ғана сатылады. Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газдың, қара және түсті металдардың меншік иелері шетелдік компаниялар болып табылады, мемлекеттің шетелдік және отандық акционерлік компанияларда акция пакеті жоқ, тек қана мұнай өндіруге аз – мұз қатысынан басқа қомақты түрде қолға ұстары тағы жоқ.
Негізігі капиталға деген инвестициялар, көбінесе, кен өндіру өнеркәсібіне келіп түседі, ақырғы дайын өнім шығару үшін өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция салушылар әзірге байқалмайды.
Өңдеуші өнеркәсіп салалары айтарлықтай дамымағандықтан, сондай – ақ, олардың қолданбалы ғылыммен байланысы жеткілікті түрде жолға қойылмағындықтан, Қазақстанда өнеркәсіпті дамытудың инновациялық факторының әзірге экономикаға тигізетін әсері азын – аулық қана дәрежеде.
Осындай жағдайда кластерлерді әзірлеуге қатысушылар – тік және көлденең бағыттарда, табиғи факторларды да, инвестициялық және инновациялық факторларды да естен шығармай к ластерлерді құру және дамыту жөніндегі әлемдік тәжірибені жан – жақты, өте мұқият ескерулері қажет. Сонымен бірге, Қазақстан экономикасының басты ерекшелігімен санасуға тура келеді, өйткені; бүгінде Қазқастанда өндірілетін басты өнімдерінің бәрі де шетелдік компаниялардың меншігінде, ал олар болса барлық шикі мұнайды құбырлар арқылы сыртқа шығаруға, өндірілген барлық қара және түсті металдарды, атап айтқанда, темір кені, ферроқорытпа, қара металдың жалпақ илектері, тазартылған және тазартылмаған мыс, өңделмеген мырыш, қорғасын және басқа түрдегі өнім түрінде шетелдерге жөнелтуге ғана ынталы.
Осындай жағдайда құрылатын кластерлердің құрамында әртүрлі ұйымдар және мекемелермен қатар Қазақстанның үкіметтік құрылымдары мен ғылыми күштер де болуға тиіс және олар кластерге қатысушыларға елеулі түрде өз ықпалын жүргізетіндей ықпалда болулары керек. Бұл жерде Даму Банкі, Инвестициялық және Инновациялық қорлар сияқты Даму институттары деп аталатындардың қатысуымен ғана шектелуге болмайды. Мұны алғашқы кластерлерді құру барысында – ақ таяу арада өмірдің өзі көрсететін болады.
Қазақстан Таяу болашақта кластерлер үшін құрылыс алаңына айналады деген үміт бар. Қазақстанда кластерлер экономиканың барлық салаларында – агроөнеркәсіптік, ағаш өңдеу, отын- энергетикалық, металлургиялық, химиялық, жалпы машина жасау, құрылыс, көлік, телекоммуникациялық кешендерде құрылуы және дамуы мүмкін.
Пайдаланған әдебиет
- Ақиқат// №1 қаңтар, 2005;
- Ақиқат// №2 ақпан, 2005;
- Экономика и статистика, научно – информационный журнал, 3/2004, Алматы;
- Аль Пари // 1(4) 2005 экономический журнал.
- Бусыгин А.В. “Предпринимательство” Учебник для вузов Москва “Дело” 2000
- Жатқанбаев Е.Б. “Аралас экономика негіздері” – Алматы 1996
- “Предпринимательство” Учебник – Москва “Юнити” 1999.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024