Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Коммуналдық қызмет құны тағы өсті

Коммуналдық қызмет құны тағы өсті

Қазақстандағы баға өсімі біршама баяулағанымен, коммуналдық қызметтер құны халықтың шығынына қысымды азайтар емес.

2026 жылдың мамыр айында жылдық инфляция 10,4%-ды құрап, сәуір айымен салыстырғанда сәл төмендеді. Айлық инфляция деңгейі де 0,7% болып қалыптасты.

Алайда жалпы инфляция көрсеткіштері баяулағанымен, тұрғындардың күнделікті шығынына тікелей әсер ететін коммуналдық тарифтер бойынша жағдай өзгеше. Ай сайынғы түбіртектердегі сандар әлі де өсім көрсетіп отыр.

Kursiv Media жүргізген талдауға сәйкес, 2026 жылдың мамыр айында республика бойынша бірқатар коммуналдық қызметтердің бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Бұл әсіресе электр энергиясы, су, жылу және өзге де тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төленетін шығын көлемінің артуынан байқалады.

Сарапшылардың айтуынша, коммуналдық тарифтердің өсуіне инфрақұрылымды жаңғырту шығындары, энергия тасымалдаушылар бағасының өзгеруі және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың өндірістік шығындары әсер етіп отыр. Соның салдарынан жалпы инфляция баяулағанымен, халықтың нақты тұтыну шығындары төмендей қойған жоқ.

Ұқсас материалдар