Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы барреліне 75 доллардан төмен түсті

Мұнай бағасы барреліне 75 доллардан төмен түсті

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz - Brent маркалы мұнайдың бағасы жұма күні сауда-саттық аяқталғаннан кейін 2%-ға төмендеді, деп хабарлайды LS.

Егер 25 мамырда қара алтынның күндік бағасы бір баррель үшін 76,44 долларды құраса, Астана уақыты бойынша сағат 9:20-да шикізат бір барреліне 74,94 долларға сатылды. Сонымен қатар, сәрсенбіде, 23 мамырда Brent фьючерстері бір баррель үшін 80 долларды құрады.

Мұнай бағасы АҚШ-та қордың күтпеген өсуі себебінен күрт құлдырай бастады. АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорлары өткен аптада 5,8 млн баррельге артты. Сондай-ақ, бағаның өзгеруіне ОПЕК маусымда Венесуэла мен Иранмен байланысты тәуекелдер есебінен өндірісті ұлғайтады деген алаңдаушылық себеп болды.

Сонымен қатар, Ресейдің Энергетика министрі Александр Новактың болжамы бойынша Brent маркасының орташа жылдық құны 2018 жылы бір баррель үшін 65-75 долларды құрайтын дәлізде өзгеруі мүмкін.

Похожие материалы