Экономика
Мәжіліс депутаттары премьер мен Ұлттық банктен БЖЗҚ-ны инвестициялау туралы есеп беруін сұрады
Астана. 22 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанның парламент мәжілісінің депутаттары премьер-министр мен Ұлттық банк төрағасынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қалай инвестицияланғаны туралы есеп беруін сұрады.
"Үкімет пен Ұлттық банктің 2014 жылдан бастап бүгінгі кезеңге дейін БЖЗҚ қаржысынан не нәрсені, қандай шартпен, қай мерзімге дейін инвестициялағаны туралы ақпарат беруін сұраймыз», - деді «Нұр Отан» фракциясы мүшелерінің депутаттық сұранысын жеткізген Майра Айсина.
Ол инвестициялар мен даму вице-министрі Альберт Раудың «зейнетақы қаржысы экономиканың жекеленген секторларын қаржыландырудың құралы болуы мүмкін» деген сөзін еске салды. Майра Айсина қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары мен олардың сақталуы, БЖЗҚ-ның қызметі мазалап отырғанын жеткізді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024