Mastercard Қазақстанда телефон нөмірі арқылы ақша аударуға мүмкіндік беретін қызметті іске қосты
Алматы. 24қаңтар. 7kun.kz – Mastercard Қазақстанда ыңғайлы, оңай әрі қауіпсіз аударымдарды жасауға арналған технологиялық платформаны іске қосып, енді қазақстандық банктер өздерінің клиенттеріне – карта иелеріне телефон нөмірі арқылы аударым жасау мүмкіндігін ұсынып отыр.
Нұрбанк осы инновациялық платформаға бірінші болып қосылып, телефон нөмірі арқылы Нұрбанк пен басқа қазақстандық банктердің карталары арасында ақша аударуға, сондай-ақ, телефон нөмірі арқылы басқа банктердің карта иелеріне аударымдарды алуға мүмкіндік беретін қызметті алғашқы болып іске қосып отыр. Енді жақындарыңыз бен достарыңызға қажетті ақша сомасын жіберу үшін мобильдік телефон нөмірін білу ғана жеткілікті.
Ақшаны қазақстандық банктер шығарған Mastercard\Maestro және Visa карталары арасында аударуға болады. Қызметті қолдану үшін www.nurbank.kz сайтындағы «NURPay» тарауына кіріп, кейін «ҚР-дағы кел келген банктің картасына аудару» тарауына өтіп, өз картаңыздың нөмірін енгізіп, кейін ақшаны алатын адамның телефон нөмірі мен аударым сомасын жазуыңыз қажет. Ақшаны алатын адамға Mastercard төлем жүйесінің порталына сілтеме салынған SMS-хабарлама жіберіледі де, порталда SMS-пен келген кодты көрсетіп, аударымды алғаш алып жатқан кезде өз картаның нөмірін енгізіп, аударымды қабылдауға болады.
Қорғалған төлем жүйесінің порталына тіркеліп, қажет болғанда профильдің баптауларын өзгертуге аударымды алушыда мүмкіндік бар. Телефон нөмірі арқылы келген аударымдарды, мысалы, жалақы картасына автоматты түрде аударатындай етіп баптап қоюға да болады. Осы тұста картаны үнсіз келісім бойынша белгілеп қоюдың қажеті жоқ, аударымды немесе бірнеше аударымдарды сол мезетте таңдаған картаға бірден аударуға болады.
Нұрбанк басқарма төрағасы Эльдар Сәрсеновтың айтуынша, осы қызметтің келесі кезеңін, яғни электрондық пошта мекенжайы және «ВКонтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілеріндегі профиль арқылы ақша аудару мүмкіндігін іске қосу жоспарланған.
Нұрбанк картасынан басқа банктердің картасына қаржы бірден түседі немесе алушы банкке байланысты бір жұмыс күнінен үш жұмыс күніне дейін уақыт кетуі мүмкін. Ақшаны Нұрбанк картасынан басқа банктердің дебеттік карталарына телефон нөмірі арқылы аудару тегін, ал Нұрбанктің несиелік картасынан қаржы аудару үшін комиссия алынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024