Бүгін қазақ тілінде ақпарат тарататын беделді, белді БАҚ NEGE.KZ ақпараттық порталының құрылғанына 5 жыл толды.
Сайттың бас редакторы, белгілі журналист Ерік Рахым 2019 жылдың 20 қарашасында әлеуметтік желіге "Біз бүгіннен бастап Nege.kz порталын іске қостық! Журналистиканың негізгі принцптерінен ауытқымайтын, бейтарап, шыншыл ақпарат құралына сәттілік тілеңіздер!" деп жазыпты. 5 жыл бойы осы принцптерден ауытқымай келе жатқанының куәсіміз.
Ақпарат айдынына «Неге?» деген сұраққа жауап іздеп кірген сайт алғашқы күннен-ақ жедел жаңалықтары, ерекше сараптамалары, сыни материалдары мен өзекті тақырыптардағы сұхбаттарымен көзге түсті. Хайп іздеп, сары жаңалықтардың соңынан кетпеді. Тек қана мақтау немесе даттау, бопсаның соңына түсіп, журналистиканың қадірін қашырған жоқ. Қазақ журналистикасында қалыптасқан стандарт пен этикадан аттамаған, нағыз дәстүрлі журналистиканың үлгісін көрсетті. Бұған Бас редактор Ерік Рахым, тілшілер Динара Мыңжасар, Динар Камилова, Маржан Сәбеттің интернет дәуірге дейін қазақ медиасының жұлдызы болған «Жас алаш», «Түркістан», «Тас жарған» газеттеріндегі еңбек жолы, майталмен журналистердің ортасынан шыққаны да әсер етсе керек.
NEGE.KZ тілшілері ең беделді байқауларда бәйге бермейді. 2023 жылы портал «Үркер» ұлттық сыйлығы бәйгесінде «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» атанды. Бұл медиа нарықтың NEGE.KZ-ні мойындауы, деп білеміз.
NEGE.KZ ақпарат таратудан бөлек, медиа нарықтың жақсы жаққа өзгеруі, заңдағы өзгерістер, болашақ мамандарды дайындау ісіне де бей-жай қарамайды. «Qazaq Media Assosation» ЖКжЗТБ мүшесі ретінде нарықтағы әрбір өзгеріске, іске үн қосып отырады. Бұл порталдың бір күндік, бір жобалық мақсаты жоғын, медиа нарыққа ұзақмерзімді мақсатпен келгенін білдіреді.
Аз ғана ұжыммен үлкен агенттіктің жұмысын атқарып отырған әріптестерімізді 5 жылдық белеспен құттықтаймыз! Қазақ медиасының жақсы жаққа өзгеруіне үлес қоса беруді тілейміз!
Құрметпен, 7kun.kz редакциясы