Экономика
Медиа
NASA Жерге ұқсас ғаламшардың табылғаны туралы жария етті
NASA Жерге өте ұқсас келген ғаламшардың табылғаны туралы мәлім етті, тіпті оған "Жер 2.0" деген бейресми атау берген. Ресми атауы - Kepler 452b. Ғаламшар Жерден бір жарым есе үлкенірек, бұған қоса Кеплердегі бір жыл шамамен Жердікімен бірдей.
Kepler 452b Жерден 1400 жарық жылы қашықтығында орналасқан. Аққу жұлдыздар шоғырында орналасқан Kepler 452 жұлдызының жасы - шамамен 6 миллиард жыл, яғни оның Күннен бір жарым миллиард жылға жасы үлкен.