Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Кеше Н.Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасымен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.
Назарбаев ҚХР төрағасына «Бір белдеу, бір жол» форумына шақырғаны үшін алғыс айтып, іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. – Форум бүкіл дүние жүзі бойынша биылғы ең басты оқиғаның біріне айналды деп ойлаймын. Бүгінгі форумның ашылуында сөйлеген сөзіңіз мазмұнды болды, ол елдер арасындағы ынтымақтастықтың көп сауалына жауап берді. «Бір белдеу, бір жол» – жаңа парадигма, жаңа деңгейдегі ынтымақтастық жүйесі, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» идеясының өңірлік деңгейдегі ынтымақтастықтың ғана емес, сонымен бірге түрлі құрлық елдері арасындағы өзара іс-қимылдың көрінісі екенін атап өтті. – Бұл белдеу жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайтын 60-тан астам елді қамтып отыр. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық үлгі аларлықтай болды. Басқа елдер бізден үйрене алады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, оның бұдан да жоғары деңгейде нығая түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелерді талқылады. Си Цзиньпин Қазақстанның Сирия қақтығысын реттеу процесіне қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Қытай Халық Республикасының Төрағасы «Нұрлы жол» бағдарламасының табыстылығын, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің халықаралық бастамасының маңыздылығын атап өтті. Қытай көшбасшысы өзінің Қазақстанға ресми сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына қатысуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тауар айналымын ұлғайту және өнеркәсіп, инновация, көлік, энергетика салаларындағы ынтымақтастық тақырыптарына ерекше көңіл аударылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024