Қазақстанда банктердің кредит беру үрдісі соңғы жылдары баяулады. Бірақ бұған қарамастан, онлайн-қарыз нарығы біршама өскен. Мамандар алдағы жылдары кредиттеудің бұл түрінен түсетін табыс көлемі 170 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда еліміздегі онлайн-қарыз алушылардың саны 350 мыңға жеткен. Жоғарыдағы мәліметтер осы көрсеткіштің аясында түзілген. Бұл статистика 2020 жылы онлайн-кредиттің пайдаланушылары Қазақстанда 2,5 миллионға жететінін айқындайды. Мұндай тенденция Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде байқалып отыр. Осы саланы дамытуға үкімет тарапынан да қызығушылық байқалады. Қарапайым халық үшін онлайн-қарыздардың қолжетімді болуы салық түсімі арқылы мемлекет бюджетін толтырады.
Онлайн-кредит нарығының дамып келе жатқанына қарамастан, жалпы тұтынушылық кредиттегі онлайн-карыз поортфелінің үлесі әлі де 0,3%-дан аспады. Осының әсерінен бұл нарық әзірге сырттай бақылауды қажет етпейді. Бүгінде өзін-өзі басқаратын қауымдастық тұтынушылардың құқығын өз мойнына алып отыр. Алдағы уақыттарда реттеудің жаңа моделі ойластырылып, онлайн-кредит сервисінің қызметі заңдастырылады.
Қазіргі таңда онлайн-қарыздарды Қазақстанның Ұлттық Банкі бақыламайды. Бұл қызметті ұсынатын компаниялар ҚР Азаматтық кодексіне сүйене отырып қызмет етеді. Бірақ онлайн-кредит нарығының өкілдері жақын арада қаржы реттеушінің назарына ілігеміз деген ойда. Бұл осы қызметпен айналысатын компаниялардың барлығы лицензия алуы қажет болады деген сөз.
Жалпы онлайн-кредит секторы банктердің дәстүрлі қарыз түрінің бәсекелесіне айналмақ. Бұл сала қазіргі кредиттік жүйеге көңілі толмайтын клиенттерге бағытталады. Соңғы 3 жылда аталмыш нарық мүшелерінің саны 4 есеге ұлғайғайған. Соңғы тенденция алдағы уақытта онлайн-кредит беретін компаниялардың көбейетінін дәлелдейді.
Дереккөз: Smartzaim.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024