Кімге жетпейді Әмудария?
Су ресурстары туралы өткір дискуссия Тәжікстан мен Өзбекстан арасында орын алды. Өзара қақтығыс 70-жылдары Тәжікстандағы Вахш өзенінде Рогун ГЭС-ін салу туралы шешімнен бастау алған. Кейінірек ол жерде Рогун қаласы пайда болып, 1993 жылы құрылыс тоқтатылды. 2004 жылы елдегі азамат соғысы аяқталып, ел экономикасы қалпына келе бастағаннан кейін қайта жалғасты. [caption id="attachment_24780" align="alignleft" width="240"] Фото: РИА Новости, Рогун ГЭС-нің құрылысы[/caption] Әмударияның суын қатар ішіп отырған Өзбекстан бұл жобаға наразылығын жасырмайды. Осы үшін Ташкент арнайы АҚШ-тан алдырған мамандар ГЭС жұмысын бастағаннан кейін Өзбекстан жыл сайын 600 млн долларын жоғалтып отырады деген шешім шығарды. Су жетіспеуінен ауыл шаруашылығы қысқарып, ЖІӨ 2 пайызға төмендейді. 300 мыңға жуық адам жұмыссыз қалмақ. Америкалық ғалымдардың зерттеуінше, Әмудария деңгейі жазда 18 пайызға азайып, қысқа 54 пайызға көбейіп отырады. Қарақалпақ, Хорезм және Бұхара облыстарындағы аумақтар құрғақшылыққа ұшырауы мүмкін. Тәжікстандағы демография және экономика институының профессоры Хожимұхаммед Омаровтың сөзінше, Рогун ГЭС-дегі құрылыс жұмыстары әлі де бастапқы кезеңде. Келесі жылы Вахш өзенінің саласын жауып, бөген салу жоспарланып отыр. Болашақта Тәжікстан ЕАЭО-ға кірсе, көрші елдерден келетін қауіптерді төмендету қажет. "Еуразиялық альянс екі мемлекеттік ГЭС-тің құрылысына және басқа гидроэнергетикалық обьектілерді салуға көмектесер еді. Өзбекстан халықаралық сараптамадан өткізуді сұрап отыр. Бірақ Рогун ГЭС-і халықаралық тексерістен өтіп, тәуелсіз сарапшылар тарапынан қолдауға ие болған", - дейді ол.Сыр бойындағы дау
Ал 2012 жылы Қырғызстан мен Ресей Қамбар ата және Жоғарғы Нарын ГЭС-терін салу туралы келісімге қол қойды. Бірақ жобаларға қатысты қандай-да бір алға жылжу жоқ. Қырғызстандағы энергетика және өндіріс министрінің орынбасары Айбек Қалиевтің сөзінше, Қамбар ата ГЭБ-інің техникалық-экономикалық негізі әлі дайын емес, кім қаржыландыратындығы да әлі белгісіз. Ал Жоғарғы Нарын үшін ел үкіметі 565 га жер бөлген. Премьер-министр Темір Сариевтің атап өтуінше, жер аумағы бөлінгеннен кейін, қажетті жұмыстар жүргізіліп, "Русгидро" ақша бөлуі қажет. Бұрынғы өндіріс және энергетика министрі Осмонбек Артықбаевтың айтуынша, Қамбар ата ГЭС-ін салу үшін 2,7 млрд доллар қажет. Ал экономикалық дағдарысты бастан кешіріп отырған Ресей үшін қазір бұл қомақты қаржы. [caption id="attachment_24781" align="alignright" width="300"] Фото: Азаттық, Қамбар ата ГЭС-нің құрылысы[/caption] Бұл жолы да ГЭС құрылысына Ташкент ресми түрде қарсы шықты. Өзбекстан билігі бұл обьектілердің салынуы өзге елдердің су ресурстарын пайдалануына теріс әсер етеді деп есептеп, БҰҰ-ның халықаралық тексерісі жүргізілуін талап етіп отыр. Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Андрей Крутько су ресурстарын өз қалауынша пайдалануы Қырғызстанның заңды құқығы деп мәлімдеді. "Жобаның іске асырылуына Сырдария ағынының төменгі бөлігінде орналасқан Өзбекстан мен Қазақстанның қатысуы да дұрыс болар еді. Жобаға қарсы шыққан елдер келіссөздер үстеліне отырып, ГЭС жұмысын талқылауы қажет", - дейді ол. Дегенмен де И.Каримовтың ашық түрде қарсылық білдіруі Ташкенттің соғыс бастауға деген ниетін білдірмейді. "Бұл - Ресейдің Қырғызстан мен Тәжікстанда ГЭС салуына Ташкенттің алаңдаушылық білдіріп отырғандығын сездіретін формула. Мәскеудің өзі де Өзбекстан қарсы шығып отырғанда ушыққан жағдайды біржақты қыла алмайды", - дейді Орта Азия бойынша ресейлік сарапшы Аркадий Дубнов. Ал Ресейдің қазіргі экономикалық жағдайын есепке алсақ, ГЭС құрылысы туралы жоспар жақын арада орындалады деген сөз де сенім тудырмайды.Ары қарай не болады?
Бүгінде Арал теңізінің бассейніндегі трансшекаралық өзендер мәселесін реттейтін бірден-бір орган - Мемлекетаралық координациялық су шаруашылығы комиссиясы (МКСК). МКСК тоқсан сайын 5 елдің су шаруашылығы ведомстволары басшыларының деңгейінде отырыс өткізіп, әр ел қанша көлемде су алу қажет деген мәселені шешеді. Бірақ МКСК су бойынша өзара есептеу сұрақтарын шешуге құзырлы емес, ол тек су пайдалану бойынша ұсыныстар айтады. Тек ол ұсыныстар шын мәнінде қолданылмайды. Көп жағдайда су ресурстарын пайдалануда әрбір ел тек өз мүддесін басым қоятындықтан, саяси жағынан келіспеушіліктер орын алады. Барлығы үшін ортақ шешім қабылдай алатын жаңа механизм болмауы аталған мәселені шешуде кедергі келтіретін фактор болып тұр. БҰҰ мәліметінше, трансшекаралық өзендерді пайдаланудағы келіспеушіліктен Орта Азия жыл сайын 1,75 млрд долларын жоғалтады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024