Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанай облысының экономикасына 191 млрд теңге салынады

Қостанай облысының экономикасына 191 млрд теңге салынады

Бұл туралы халықпен есеп беру кездесуі кезінде Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлімдеді деп хабарлайды alau.kz

"Соңғы 5 жыл ішінде капитал салымы 1,6 есе көбейді, 2014 жылы 10,5 млрд теңгеге көбейіп, 191 млрд теңге құрады. Олардың 25%-ы бюджеттік қаржы бөлуден, 75%-ы кәсіпорындардың жеке және қарыз қаражаттарынан түскен. Облыстың жалпы инвестициясының 55,6 пайызын өндірістің үлесінде, оның ішінде 29,2%-кен өндіру, 13,9%-қайта өңдеуші, 10,2%-ауыл шаруашылық, 15,2% - транспорт және сақтау еншісінде", -деді ол.

Бірақ осыған қарамастан, шетелдік инвестиция тарту деңгейі әлі де жеткіліксіз екендігін атап өтті. "Осы сұрақтарды шешу үшін және аймақты дамыту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. 26-27 ақпанда Челябинск облысындағы өндіріс орындарымызға іс-сапар жасамақшымыз. Екі жақты әріптестікті тиімді түрде пайдалану үшін, нақты ұсыныстар дайындалды",-деп түсіндірді әкім.

Похожие материалы