Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Асық ойынының онлайн нұсқасы пайда болды

Асық ойынының онлайн нұсқасы пайда болды
Интернет қазақстандық бағдарламашылардың қолынан шыққан тағы бір туындымен толықты. Енді аға буыннан "қазіргілер біз сияқты асық атуды да қойды" деген сөздерін жиі естудің қажеті болмайды. Асық ойынының онлайн нұсқасы пайда болды. Ойын жасауға деген қызығушылығы, "Асық атуды" қалай құрастырғаны және Microsoft байқауындағы жеңісі туралы бағдарламашы Еркебұлан Қазыкенов әңгімелейді. Жезқазған қаласында дүниеге келдім. Қазір Халықаралық ақпараттық технологиялар (IT) университетінің магистрантымын. Тек бағдарламамен ғана емес, анимация жасаумен айналысамын. Сурет салғанды жақсы көремін. Ойын жасауға бала кезімнен қызығамын. Үйге алғаш компьютерді 2 сыныпта оқып жүрген кезімде әкелді. Барлығы сол кезде басталды. Алғашқы ойыным "Танкілер" деп аталады. Бірінші рет Game maker программасы арқылы өз ойнымды жасап шықтым. 9 сыныптағы кезім еді, ойынды құрастыруға 1 апта уақыт кетті. Алайда оны ешқайда жүктемедім. Алғашқы болып ойынға баға берген ойыншылар - сыныптастарым. Алғашқы мақтауды солардан естідім десем де болады. Суретті жақсы саламын. Анимацияға қызығамын. Университет жайында мултьфильм жасап шықтым. Университет теледидарынан көрсетіп тұрды. Оның өзі мені қатты қуантты. Hackaton байқауында бас жүлдеге ие болдым. 4 курс оқып жүрген кезімде Microsoft-тың ұйымдастыруымен  байқау болды. Қойылған талап-2 күннің ішінде ойын жазу. Осы байқау себепші болып "Snuamber" ойынын  жасап шығып. Ол Play Market-те бар.  Нәтижесінде 1 орынды иелендім. Моноблок сыйлаған еді,  қатты риза болдым. Кейінірек ұлттық ойын жасау керек деп ойладым. Басқа ойындарды да жасауға болатын еді. Танкілер, жыланның ойындары сияқты, бірақ қазақтың ұлттық ойындарын көтеру керек қой. Интернеттен іздестіріп қарадым, асық ойыны бар екен. Алайда сапасы нашар болғандықтан ұнамады. Мен одан да жақсы нұсқасын шығарғым келді. Асық ойынын, түрлерін зерттеп, барлығын біріктіруге тырыстым. Қазір бұл ойынды Play Market-тен жүктеуге болады. Кемшіліктері де бар әрине. Қосатын жерлері де көп. Дегенмен оларды түзетуге тырысамын. Қазіргі нұсқада бірден 4 адамға дейін ойнауға болады. Артықшылығы Android және IOs қолданушылары бір wi-fi желісінде отырып ойынды бірге ойнай алады. Кімнің асығы бірінші "алшыны" көрсетсе, сол ойынды бастайды. Кімде алшы екінші шықса, ол екінші болады. Бұл жүрістерін анықтап алу тәртібі. Ойыншы ұту үшін сақасымен асықтарды дәлдеп белгілі күшпен атады. Ату күшін ойыншы shoot батырмасын басу арқылы басқарады. Ал оңға не солға бұру үшін, смартфонды оңға, солға, жоғары не төмен қозғау арқылы іске асырады. Егер қолданушы дәл тигізсе, асық белгілі жерге жеткеннен кейін жоқ болып кетеді. Ол атқан ойыншыға ұпай әкеледі. Осылай ойын нысанадағы асықтар қалмағанға дейін жалғасады. Соңында кім көп дәл тигізсе сол жеңіске жетеді. Инвесторлар табылса, бұдан да жақсы ойындар жасап шыға алар едім. Техникалық жағынан дамыта түсу үшін қаржы жағы қол байлау болады. Ақша да - мотивацияның бір түрі ғой.

Жұлдыз Ерік "7"

Похожие материалы