Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz – Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың тұрғындармен Еңбекшіқазақ ауданындағы кездесуден кейін жиналған бір топпен дауыс көтеріп сөйлескен видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бейнежазба Life.kz Youtube арнасында жарияланды. Видеода тұрғындардың бірі газдандыру мәселесін айтып шағымданған. «Газдандыру қашан аяқталады» деп сұраған әйел адамға «Дауыс тоныңызды өзгертіңіз. Бүкіл облыста жағдай сондай. Сіз айдан түскен жоқсыз» дейді облыс әкімі.
Бозымбаев облыс аумағындағы елдімекендер 60% ғана газбен қамтылғанын, Қазақстан әлі толық газдандырылмаған ел екенін айтты. Ал сұрақ қойған әйел әкімнің жауабына қанағаттанбаған. Артынша өзге де тұрғындар облыс әкімін сұрақтың астына алды. Тіпті, дәл сол сәтте қабылдауын талап еткендер де болды. Алайда әкім оларға да дауыс көтеріп жауап бергені видеодан байқалады.
Естеріңізде болса, Қанат Бозымбаев "Қаңтар оқиғасы" кезінде наразы халықпен кездесуінде сөзіне құлақ аспаған тұрғынның біріне "Тыңда епт..." деп дауыс көтеріп, ол әрекеті ел арасында қызу талқыға түскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024