![Қазақстанда алаяқтық жиі тіркелетін өңірлер аталды](/uploads/posts/1718890236_rBhsVhwpWctc3msOrtDg_Ht0bfdR64GY/image/post7.jpeg)
Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда 10 айда қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша 37,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға көп, деп хабарлады Finprom.kz.
Өткен жылы он айда 34,8 мың алаяқтық тіркелді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жартысына жуығы (47,4%) – интернет алаяқтық. Бұл бойынша 17,7 мың құқық бұзушылық тіркелген. Сондай-ақ төлем картасын пайдалану арқылы 244 алаяқтық, ақшалай қарыз алу арқылы 91 алаяқтық, несие саласында 47 іс және жылжымайтын мүлікке қатысты бір алаяқтық тіркелген.
Ең көп алаяқтық іс-әрекет Алматыда тіркелген – 8,7 мың. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға көп. Екінші орында Астана (5,7 мың), үшінші орында Шымкент (3,5 мың) қаласы тұр.
Ал ең аз алаяқтық жағдай тіркелген өңірлер – Ұлытау, Жетісу және Абай облысы.
«Қаңтар-қазан аралығында «алаяқтық» бабы бойынша құқық бұзушылықтар салдарынан келген шығын 95,8 миллиард теңгені құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 88,3%-ға көп. Шығынның басым бөлігі жеке тұлғаларға келген – 64 миллиард теңге, өткен жылы бұл көрсеткіш 38 миллиард теңге болған», – делінген хабарламада.
Заңды тұлғаларға алаяқтық әрекет салдарынан 23,2 миллиард теңге (4,3 миллиард теңге – 2021 жыл) , мемлекетке 8,6 миллиард теңге (8,5 миллиард теңге – 2021 жыл) шығын келді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024