Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда «Бизнес-реестр» сайты ашылды

Қазақстанда «Бизнес-реестр» сайты ашылды

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Енді әрбір кәсіпкердің жеке номері мен мекен-жайы, қызмет түрі мен лицензиясын, қандай тауарлармен сауда-саттық жасайтынын «Бизнес-реестр» сайтынан көре аласыз.

Мәліметтер сайтта пайда болуы үшін кәсіпкер қызмет түрлері мен ұсыныстары туралы толық ақпаратты өзіне берілетін жеке кабинетіне қалдыруы тиіс. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасы жасаған сайтқа қызметтер туралы ақпарат қалдыру тегін. Егер өнім өндіруші болсаңыз «Бизнес-реестрде» отандық өнімдердер қатарында ерекшеленіп тұрады. Тұтынушылардан бөлек, кәсіпкерлер де өзі сатылымға шыққан тауарлар туралы хабарлама алып отырады.

Кәсіпкерлер жаңа сайт арқылы нарықты зерттеп, тұтынушыларды оңай таба алады. Қазақстанда кәсіпкерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға өскенін ескерсек, жаңа сайт кәсіпкерлер үшін ақпарат алмасып – ісін ілгерілетуге таптырмас мүмкіндік екені анық.

Похожие материалы