Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Ресейде зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Ресей Президенті Владимир Путин мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін ер азаматтардың зейнетке шығу жасын 65-ке (әйелдер – 63 жас) дейін ұлғайту туралы заңға қол қойды.

Зейнет жасын өсіру біртіндеп әрбір жарты жыл сайын жүзеге асады. Заң 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Алдын Путин Ресейде зейнет жасын ерте ме кеш пе өсіру керек деп мәлімдеген. Президент мұны ресейліктердің өмір сүру жасының ұзаруына байланысты болатын жүйелі түрде болатын мәселелермен түсіндірген.

Похожие материалы