
Иран республикаға қарсы салынған санкциялар кері шегерілмейінше "алтылықпен" келісімге келмейді. Бұл туралы Ұлттық ядролық технология күніне арналған салтанатты рәсім кезінде Иран Ислам Республикаснң президенті Хасан Рухани мәлімдеді деп хабарлайды Иран телеграфтық агенттігі (ИрТАГ).
"Егер келісім іске асырылған бірінші күні барлық экономикалық санкциялар кері шегерілмейтін болса, Иран ешқандай құжатқа қол қоймайды", -деп атап өтті ол.
Мемлекет басшысы Ирандық ядролық бағдарлама (ИЯБ) бойынша Лозаннадағы уағдаластық келісімге пікір білдіре отырып, бұл Иранның халықаралық делдалық етушілер "алтылығымен" келіссөздер кезіндегі ең үлкен жетістігі емес деп бағалады. Оның сөзінше, келіссөздер процессі кезіндегі Иранның басты жеңісі - американдық үкіметтің иран халқының ешқандай қауіп-қатер мен қысымға, санкцияларға мойын бұрмайтындығын мойындауы.
"Әлемдегі ең ірі экономикалық және әскери держава және оның президенті Иран халқының ешқашан қысым мен санкцияларға, қорқытуларға көне бермейтіндігін түсінді. Бұл - біздің жеңісіміз", - деп мәлімдеді Х.Рухани.
Еске салайық, сәуірдің екісінде Иран мен "алтылық" ИЯБ-ның негізгі параметрлері жөнінде келісімге келді. Оның нәтижесі бойынша, АҚШ пен Еуроодақ Тегаранға қатысты санкцияларды кері шегеруі қажет. Келісім-шартты бекіту жұмыстары 30 маусымда аяқталады.