Шекарашылар ескі моншада тұрады: Депутат Жанарбек Әшімжан Үкімет басшысына хат жолдап, шекараға көңіл бөлуді сұрады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа шекарашылардың қиын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Депутат тиісті құзырлы орындардың назарын ҰҚК Шекара қызметіне қарасты Алматы облысындағы шекара бөлімшелеріне аударуға шақырды.
«Жетісудағы шекарашылар Қытай және Қырғыз елімен шектесетін аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жақында Панфилов ауданындағы Шекара басқармасы, Ұйғыр ауданындағы «Райымбек» шекара заставасы, Кеген ауданындағы «Саты», «Рабат» шекара бөлімшелерін бастан аяқ аралап, басқарма башыларымен, сарбаздармен кездесіп, әлеуметтік жағдайларымен бастан аяқ танысып, көріп шықтық. Бұл стратегиялық нысандарға «Қастек», «Жамбыл», «Қарғалы», «Қаскелең», «Алма арасан» шекара бөлімшелерін қосыңыз. Аталған бөлімшелердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы сын көтермейді», – делінген депутаттық сауалда.
Депутаттың айтуынша арнайы мақсаттағы нысандардың дені тозып, күйреудің алдында тұр. Шекарашылар тұратын ғимараттардың бәрі күрделі жөндеуді, көгілдір отынмен қамтуды, жарықтандыруды реттеуді, биік қоршаулар салуды, бейнебақылау мен электр энергиясы жүйесін жабдықтауды және оқу-жаттығу орталықтарын салуды талап етеді.
Сондай-ақ депуттың айтуынша, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, маңызды құрылыс нысандарын салу бойынша Алматы облысы әкімдігімен ортақ келісім бар. Ол шекара бөлімшелерінің инфрақұрылымын реттеу жөніндегі «Жол картасына» да енген. Алайда, шекарашылардың әлеуеметтік-тұрмыстық жағдайына әлі көңіл бөлінбеген.
«Арыға бармай-ақ, соңғы бес-алты жылда қауіпсіздік саласына бөлінген қаржыны ойласаң қан қысымың көтеріледі. Ащы да болса айтайын, тіпті «Саты», «Рабат» заставасының шекарашылары 90-жылдардың тоқырауында қалып кеткен ескі монша мен есік-терезесі аңғал-саңғал бала-бақшада тұрып жатыр. Панфилов ауданындағы шекара басқармасы сонау 1892 жылы салынған ғимаратқа орналасқан. Шонжыдағы «Райымбек» заставасының әскерилері тұратын тұрғын-үйлердің төбесінен су ағып, қабырғалары сетінеп, спортзал, кітапхана, мәжіліс залы күресінге айналудың аз-ақ алдында» – дейді депутат.
Мәжіліс депутаты Премьер-министрге жолдаған сауал-хатында бірінші мемлекетіміздің құрлықтағы және теңіздегі барлық шекара қызметтерінің материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтік нысандарын арнайы Үкіметтік комиссия шығарып тексуреуді, екінші, мектептер мен жоғары оқу орындарында отансүйгіштікті насихаттайтын, мемлекетті қорғауды насихаттайтын бағдарламаларды күшейтуді, үшінші, шіліңгір шілде мен қақаған қаңтарда тау асып, тас басып жүрген Алматы облысындағы шекарашылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жеделдетіп шешуді ұсынды.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан ақпан-наурыз айларында Алматы қаласы мен облысына жасаған арнайы жұмыс сапары аясында жергілікті халықпен қатар, шекарашылардың да әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысқан болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024