Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлерге 5 пайыздық мөлшерлемемен ипотека беретін болады. Бұл туралы ТҚЖБ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«60 мыңнан астам әскери отбасы баспаналы болу үшін жаңа жүйеге қосылады. Олардың ішінде Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, Ұлттық гвардия мен Мемлекеттік күзетте қызмет атқаратын әскерилер де бар», – деді Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, осыған байланысты ТҚЖБ бүгін-ертең Қаржы министрлігінде бірнеше отырыс өткізеді.
«Әскери қызметкерлерге алдын ала займның 5 пайыздық мөлшерлемесін қарастырамыз. 2018 жылы бюджетіміз 120 млрд теңгені құрайды. Бұл жобаға алдағы екі жылда 8 мың әскери отбасы қатыса алады. Қалғандары ТҚЖБ-мен бірге ақша жинауды жалғастыра береді. Әскерилер кез келген банктен ипотека ала алады», – деді ол.
Қазір тұрғын үй жинақ банкі жүйесі бойынша ақшаны кем дегенде үш жыл жинау керек. Алайда ипотека, яғни ақшаның 50 пайызын құйып, алдын ала займ да алуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024