Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған (ҚАЖД) Берік Біләлов ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Берік Біләловке 2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы келіп түскен өтінішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді. Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілді.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024