Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 388,76 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (388,37 тенге/$1) ұлттық валюта 0,39 теңгеге құнсызданды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те — 389,5 теңге, Алматыда – 390,6 теңге болды.
Ұлттық банктің 2 қазандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 388,47 теңгені құрайды.