«Тас-құм» акционерлік қоғамының техникалық-экономикалық көрсеткіштері
«Тас-құм» акционерлік қоғамының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2005 ж. | 2006 ж. | Ауытқу +;-; |
1 | Өнім өткізуден түскен табыс | мың/тг | 180226 | 255645 | 75419 |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | мың/тг | 206855 | 234496 | 27641 |
3 | Жалпы табыс | мың/тг | -2662,9 | -21148 | -5480 |
4 | Кезең шығындары | мың/тг | 101973 | 113689 | 11716 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | мың/тг | -75344 | -92540 | 17196 |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | мың/тг | 2824 | 356721 | 7431 |
7 | Таза табыс | мың/тг | 72520 | -449261 | 376741 |
8 | Еңбекақы қоры | мың/тг | 76093 | 88317 | 12214 |
9 | Негізгі қорлардың орташа жылдық құны | мың/тг | 5014165 | 3704535 | -130963 |
10 | Тізім бойынша адам саны | адам | 321 | 281 | -40 |
11 | 1 жұмысшыға шаққандағы орташа еңбекақы көлемі | тг. | 19754 | 26191 | 6437 |
12 | Өткізілген өнімнің 1.тг кеткен шығыны | тиын | 1,7 | 1,4 | -0,3 |
13 | Қор сиымдылығы | тг. | 3,59 | 6,90 | 3,31 |
14 | Қор қайтарымдылығы | тг. | 27,8 | 144 | -13,4 |
15 | Қормен қарулану | мың тг. | 156,2 | 131,8 | -24,4 |
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер – бұл кәсіпорынның табыстылығы жөнінде жүйелі көрсеткіштер жүйесі. Кәсіпорынның қаржы–шаруашылық қызметін сипаттайтын абсолюттік көрсеткіштер жүйесінің құраушылары болып табылады. Олар: өнім өткізуден түскен табыс; негізгі қызметтен түскен табыс; негізгі емес қызметтен түскен табыс; салықты төлегенге дейін және төленгеннен кейін қалыпты қызметтен түскен табыс.
Техникалык-экономикалық көрсеткіштер кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру қажетті қаржылық базаның құрылуы ұйытқы болады. Сонымен бірге, техникалык-экономикалық көрсеткіштер арқылы кәсіпорын банктердің , бюджеттің, заңды және жеке тұлғалар алдында өзінің міндеттемелерін орындайды.
Бұл кестеден өткізілген өнімнен түскен табыстың 2006 жылы өсімін көріп отырмыз. Мұның салдарынан еңбек өнімділігі мен еңбекақы қоры өсті. Екінші көрсеткіш - өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылда 206855 мың тенгені құрады, ал есепті жылы бұл сома 234496 мың тенгеге дейін төмендеді. Ауытқу 27641 мың тг. құрайды. Өзіндік құнның өсуі өндірілген өнім көлемінің өсуінен және 2006 жылы жаңа технологияны енгізбеуден болған, яғни дайын өнімге кеткен шығын мөлшері өсуінен болған. Үшінші көрсеткіш – жалпы табыс. Базалық жылы -26629 мың тг. жетті. Сөйтіп, жалпы табыс 2006 жылы -5480 мың тг. көбейді. Жалпы табыстың бұлай өзгеруіне әсер ететін фактор- бұл өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы. Төртінші көрсеткіш – кезең шығындарының өскенін кестеден көруге болады. Бұл кәсіпорының базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы жалпы және әкімшілік шығындарды, өткізу шығындарын, проценттер бойынша шығындардың көбірек жұмсалғандығын білдіреді. Бесінші көрсеткіш – негізгі қызметтен түскен табыс.2006 жылы бұл көрсеткіш 743,1 мың тг.өсті. Оның себебі негізгі қызметтен табыс болмағандықтан кәсіпорын өзінің мүлкі мен жерін жалға беру арқылы қосымша табыс алуда.Жетінші көрсеткіш- таза табыс. Бұл көрсеткіш табыстар мен шығыстардың арасындағы сальдолық нәтижені көрсетеді. Баланс бойынша қарастырылған екі жылда да шығыстардың табыстардан көп болғандығы байқалады. Сегізінші көрсеткіш – еңбекақы қоры. Базалық жылда 7609,3 мың тг. құрады, ал есепті жылда бұл сома 88317 мың тг. дейін өсті. Яғни бұл табыстың өскендігінен және жұмыскер санының азаюынан болып отыр.Тоғызыншы көрсеткіш - өндірістік негізгі қорлардың орташа жылдық құны. 2006 жылы бұл көрсеткіш -130963 мың теңгеге азайған.
Мұндай ауытқудың басты себебі есепті жылы іске жарамай қалған негізгі қорларды есептен шығарудың салдары. Яғни жарамай қалған, ескітген техника өндірістен алынып тасталды. Келесі көсеткіш – қор қайтарымдылығы. Кестеден бұл көрсеткіштің өскендігін көруге болады.Ауытқу 0,33 ке тең. Бұл көрсеткішке өткізілген өнімнен түскен табыс пен негізгі қорлардың орташа құны әсер етеді.Қор сиымдылығы қор қайтарымдылығына қарама-қарсы көрсеткіш.Сондықтан да бірі өссе, екіншісі кемиді. Қормен қорлану 2006 жылы -24,4 мың тг. төмендеген. Мұның себебі 2006 жылы өндірістік негізгі қорлардың сомасының төмендеуіне байланысты.
2.2 Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйесін талдау.
Кез келген кәсіпорында қаражаттардың пайдалануына талдау жасау өте маңызды болып келеді. Талдау барысында еңбекақы қорының пайдаланылуына жүйелік реттеу жасау керек және өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетіп, еңбек өнімділігін жоғарылату есебінен қаржыландыруды үнмдеу мүмкіндігін анықтау керек.
Статистикалық органдардың әдістемелік құжаттарына сейкес еңбекақы қорына тек ағымдағы шығындарға жатқызылатын еңбекті төлеу қоры ғана емес, сонымен қатар таза табыс пен әлеуметтік сақтандыру қорына жіберілетін төлемдер де кіргізіледі.
Кесте 3- «Тас-құм» АҚ-ғы тұтынушыларға арналған қорлардың қолданылуы.
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2005 ж. | 2006 ж. | А абс (+:-) |
1 | Еңбекақы қоры –барлығы: | мың тг. | 76093 | 88317 | 12224 |
2 | Тарифтік мөлшерлеме, қызметкерлік жалақы, кесімді баға бойынша есептелген сома | мың тг. | 72024 | 82657 | 10633 |
3 | Ақшалай түрдегі еңбекақы қоры | мың тг. | 75601 | 85852 | 10251 |
4 | Жұмыс істелмеген уақыт үшін берілетін төлемдер | мың тг. | 3577 | 3195 | -382 |
5 | Жұмыс режиміне және еңбек жағдайларына байланысты орын толтыру сипатындағы төлемдер | - | - | - | - |
6 | Натуралды формадағы еңбекақы қоры | мың тг. | 492 | 2465 | 1973 |
7 | Еңбекақыға жатқызылмайтын шығындар мен төлемдер -барлығы | мың тг. | 17008 | 19016 | 2008 |
Тұтыну мақсатында қолданылатын қаражаттардың ең көп бөлігі өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбекақыны төлеу болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын еңбекақы қорының пайдалануына талдау жасау барысында ең бірінші оның жоспарлы көлемі мен нақты көлемінің арасындағы салыстырмалы және абсалютті ауытқуды есептеуден бастау керек.
Осылайша, абсалюттік ауытқуы (∆ ФЗПабс) есптік жылдағы еңбекақыны төлеуге пайдаланылған қаражаттар мен базалық жылдағы еңбекақыны төлеу қорымен салыстыру арқылы анықтаймыз:
∆ ФЗП абс= ФЗП есеп. ж.-ФЗП баз.ж.=88317-76093=12224 мың тг.(3)
Бірақ абсалюттік ауытқу көрсеткіші өздігінен еңбекақы қорының пайдалануын сипаттамайды. Өйткені бұл көрсеткіш өнімді өндіру жоспарының орындалу дәрежесін есепке алмайды.
Салыстырмалы ауытқу есептік жылдағы еңбекақы қорының айырмасы ретінде есептелінеді. Бірақ, бұл айырмаға өнімді өндіру жоспарының орындалу коэффиценті арқылы түзету енгізіледі. Олар – жұмысшыларға және басқару аппаратына берілетін сыйақылар. Мұндай сыйақылар ФЗП-ның айнымалы бөлігі болып табылады. Ал тұрақты бөлігі өндірілген өнім көлемінің көбейюі мен азаюы барысында өзгеріске ұшырамайды.Тұрақты бөлікке мыналар жатады: тарифтік мөлшерлеме және жалақы бойынша тұрмыс – коммуналдық шаруашылық саласында, әлеуметтік салада жұмыс істейтін қызметкетлер мен жұмысшылардың жалақысы.
∆ ФЗП ауытқу=ФЗП есеп.ж.-ФЗП тк=
ФЗП есеп.ж.-(ФЗП б.өзг*Кжо+ФЗП б. тұр) (4)
∆ФЗПауытқу- еңбекақы қоры бойынша салыстырмалы ауытқу;
ФЗП есеп.ж- есептік жылдағы еңбекақы қоры;
ФЗПтк- өндірілген өнімнің жоспарының орындалу коэффиценті арқылы
түзету енгізілген базалық жылдағы еңбекақы қоры;
ФЗПб.өзг – базалық жылдағы еңбекақы қорының өзгермелі сомасы;
Кжо - өнімді өндіру жоспарының орындалу коэффиценті.
Кесте 4- «Тас-құм»АҚ еңбек ресурстары мен еңбек өнімділігін талдау.
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2005 ж. | 2006 ж. | өзгерістер |
1 | Тізім бойынша жұмыскерлер саны: Соныңішінде жұмысшылар саны | адам адам | 321 298 | 281 259 | -40 -39 |
2 | Еңбекақы қоры | мың тг. | 76093 | 88317 | 12224 |
3 | Өнімді өткізуден түскен табыс | мың тг. | 180226 | 255645 | 75413 |
4 | 1 жұмыскердің жылдық өнім өнімділігі | мың тг. | 561 | 910 | 349 |
5 | 1 жұмысшының жылдық өнім өнім өнімділігі | мың тг. | 605 | 987 | 382 |
6 | 1 жұмыскердің күндік өнім өнімділігі | мың тг. | 2,2 | 3,7 | 1,5 |
7 | 1 жұмысшының күндік өнім өнімділігі | мың тг. | 2,4 | 4,0 | 1,6 |
8 | 1 жұмыскердің сағаттық еңбек өнімділігі | мың тг. | 0,3 | 0,5 | 0,2 |
9 | 1 жұмысшының сағаттық еңбек өнімділігі | мың тг. | 0,3 | 0,5 | 0,2 |
10 | Еңбек сиымдылығы | Адам./күн | 0,2 | 0,1 | -0,1 |
11 | Еңбекақы қорының өзіндік құн құрамындағы үлес салмағы | % | 36,8 | 37,7 | 0,9 |
Жұмысшының орташа еңбекақысы белгілібір уақыт аралығында өзгеруі индекспен (I ө.н) анықталады. Ол есептік жылдағы орташа еңбекақының (ОЕб.ж) қатынасына тең.
I ө.н =ОЕ е.ж./ОЕб.ж= 26191/19754=1,3
Жасалынған талдау негізінде еңбекақы төлеу тиімділі қолданылғаны анықталды. Еңбекақы қоры 2005 жылы 2006 жылмен салыстырғанда еңбекақы қоры өскен, мұның нәтижасінде өніділікте артқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024