Нұр-Сұлтан. 14 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Үкімет ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауға тиіс. Менің ойымша, цифрландыру ісі баяу, нашар жүргізіліп жатыр. Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз», - деді Тоқаев бейсенбі күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айта кетейік, бұған дейін президент киіктерді ату бастамасына байланысты министр Брекешевке және қант мәселесіне байланысты министрлер Сұлтанов пен Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024