Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Қазақмыс компаниясына Жезқазғандағы әлеуметтік нысандар құрылысына көбірек қаржы бөлуді сұрады

Тоқаев Қазақмыс компаниясына Жезқазғандағы әлеуметтік нысандар құрылысына көбірек қаржы бөлуді сұрады

Нұр-Сұлтан. 16 маусым. 7kun.kz – Бүгін Мемлекет басшысы күні жаңадан құрылған Ұлытау облысына барып, өңірдің даму болашағымен танысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сапар барысында «Қазақмыс компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай Президентке кәсіпорынның даму перспективалары туралы есеп берді.

Огайдың айтуынша, компания Жезқазған және Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға лайықты үлес қосуға дайын. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Қазақмыс биыл 25,4 млрд теңге бөледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Президент өз кезегінде әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландыруды ұлғайтуды сұрады.

«Мынандай мәселеге тоқталғым келеді. Әрине, әлеуметтік мәселелерді шешу керек. Мен «Қазақмыс» корпорациясының барынша белсенді қатысуын сұраймын. Мүмкін ерекше жағдайда 25,4 миллиард теңге жетпей қалуы мүмкін. Мүмкіндік болса құрылысты қаржыландыру көлемін арттырсаңыз. Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесуіміз керек. Бізге спорт нысандары қажет. Тұрғындар инфрақұрылымның жақсартатынына сенім білдірді. Әрине, мәдениет нысандары да ерекше назар аударуды қажет етеді», - деді Тоқаев Қазақмыс басшысына.

Тоқаев спорт нысандарын салу кезінде көпфункционалды спорт кешендерге басымдық беру керектігіне назар аударды.

Похожие материалы