Соңғы кезде халық «талай жыл еткен еңбегінің зейнетін көрем бе, жоқ па?» деген сауалға жиі бас қатыратын болды. Бұған елімізде зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер себеп. Шын мәнінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасақтаған «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы қалай жұмыс істейді?
Жаңа заңға сәйкес, азаматтық-құқықтық тұрғыдан табысын алып отырған жеке тұлға бұдан былай 10 пайыз зейнет салығын өз еркімен ай сайын БЖЗҚ-ға аударып отыруы міндеттелді. Әрине, заңдағы көптің көңіліне күдік ұялатқан түзетулер кәсіпкерлерді ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды да алаңдатуда. Ал фискалды мекемелер әкімшілік тұрғыдан құжаттың қиындатылғанын алға тартса, ал депутаттар мәселені күрделендіріп жіберген шенеуніктерді кінәлауда.
Бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енген «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы 14 шілдеден бастап ресми түрде қабылданғанына бірнеше айдың жүзі болса да, әлі күнге қажетті ереже бекітілген жоқ. Неге? Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылдың 2 шілдесіндегі №165 Қазақстан Республикасының Заңының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 25-бабына енгізілген өзгерістер бұл мәселенің түпкі мәнін түсінбеуге әкеп соғуда.
Бала күтіміндегі аналар да төлейді
Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Сонымен, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады. Ал міндетті зейнетақы төлемін жүргізу кез келген табысы бар азаматтарға жүктелген. Қысқасы жалақы алушы еңбекақысынан, жеке кәсіпкер табысынан, жекеменшік нотариустар көрсеткен қызметінен түскен кірістен төлейді. Тіпті, бұл декреттік демалыста отырған анаға да қатысты. Біз тілге тиек еткен «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңның 25-бабы БЖЗҚ-на кімнің және қалай төлейтіні айтылған. Бұдан былай азаматтық-құқықтық тұрғыдағы келісім бойынша табысын тауып отырған жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар болашағына алаңдауға кіріскен сыңайлы. «Осы баптың үшінші азат жолында, кәсіпкер кірісін өз еркімен анықтауға болады делінген. Сондай-ақ, бала туғысы келетін фрилансер-әйелдер де бұл төлемді құюға міндетті. Алайда декреттік демалысқа шыққан әйелдің бәрі мемлекеттен бөлінетін төлемақыны алады және мұның өзі кіріс көзі. Қазір кез келген кірістен 10 пайыз төлеу міндет. Бұл декретте отырған аналарға да қатысты», – дейді жеке кәсіпкер және есепші Елеена Ким мырза.
Биыл мемлекеттен бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін бірреттік жәрдемақы 38 АЕК-ті құрайды, ал төртінші және одан көп балаға 63 АЕК төленеді. Ал бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайын берілетін жәрдемақыға келсек, бірінші балаға – 13 мың 853 теңге, әрі қарай бала санына қарай әр балаға шамамен 2 мың теңгеден қосылып отырады.
«Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігі мамандары енгізген өзгертуде ең төменгі зейнетақылық жарна туралы айтылды. Биыл бұл жарна 2828 теңгеге сәйкес келеді. Егер азамат 2 мың теңгеге жұмыс істесе, ол БЖЗҚ-на шамамен 3 мың теңге аударуы куерек. Ал 10 мың теңге тапса, 2828 теңге ғана бөледі», – деп түсіндірді Елена Ким.
Қосарланған салық бар ма?
Арнайы штаттық кестеге сай жұмыс істейтін қызметкерлерден жарна салық түрінде алынбайды. Яғни, есеп-қисап бөлімі 10 пайызды БЖЗҚ-на бөледі, одан кейін кіріс салығын төлеуге кіріседі. Ал зейнетке шығар алдында әрбір қазақстандық бюджет арқылы төлем жүргізуге көшеді. Фрилансерлермен жағдай басқаша. Кәсіпкер жұмыскерге ақша төлемес бұрын алдымен келісімшарт бойынша жеке кәсіпкерлік салығын қазынаға аударады. Содан кейін фрилансер табысының 10 пайызын зейнетақы қорына төлейді. Ол зейнет жасына шыққаннан кейін де әр ай сайын кіріс салығын төлеуі тиіс. Алайда, мамандардың айтуынша, фрилансерлер бұл ақшаны оңай, яғни, мемлекеттік кріістер мекемесі – бенефициар арқылы қайтарып алуына болады. «Қайтарып алу орталықтары республиканың барлық өңірінде бар. Бұл мекеменің мекен-жайын кез келген салық органынан білуге болады. Бұл процедура былай әрекет етеді. Фрилансер банктен референспен бірге анықтама алып, орталыққа барады. Шамамен 20 жұмыс күні ішінде фискалдар қайта келеді. Бірақ кейде бұл шаруа екі-үш айға дейін созылып кетуі мүмкін және мұны әрбір зейнет жарнасын төлегеннен кейін қайталап отыруға мәжбүрсің», – дейді есепші. Кәсіби аудитор, ARBAudit аудиторлық-консалтингтік компаниясының басқарушы серіктесі Рустам Таиров министрліктегі бұл «жаңалыққа» дау-дамайлы өзгеріс деген баға берді. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл қолға алған әрекеті қарсылық туғызды. Естеріңізде болса, бұл жанжал кез келген келісімнен, яғни сату және сатып алу кезінде түсетін пайданың 10 пайызын алу кезінде де қылаң берген еді. Меніңше, құжатты әлі де қарап, толықтыру керек. Мұны қабылдап, қолданысқа енгізуге ерте депр едім. Сол сияқты бұл талаптың әкімшіліктендіру тарапынан қалай жүзеге асатыны да белгісіз» дегенді айтады ол. Фрилансерлердің өмірін жеңілдету жайында мемлекеттік кіріс комиетінде де ұсыныс айтылды. «Министрлік заңға өзгеріс енгізді, ал азаматтар БЖЗҚ-на ақшасын аударып жатыр, әкімшілік жауапкершілікті Мемлекеттік кіріс комитеті тағайындайды. Осы саланың басы-қасында жүрген маман ретінде зейнетақы төлемінің басқа тетігін ұсынған едік. Жалпы, кіріс көзі деген түсінік бар. Яғни, кез келген фрилансерге осы кірісті төлейді. Біз фрилансерге кіріс төлейтін бірлестік немесе адамнан БЖЗҚ-ға алынатын төлемді сол процесс кезінде-ақ ұстап қалуын ұсындық. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін де тиімді еді. Тіпті, бұл басқару тетігін те жеңілдеткен болар еді. Егер керісінше болса, қадағалау жұмыстарының бірнеге түрін атқаруға тура келеді» деген пкірімен бөлісті ҚР Қаржы министрі, Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев. Фискал ұсынысы қазір парламентте қаралып датыр. Алайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпкерлерге азаматтық-құқықтық тұрғыдағы келісім бойынша жұмыс істейтін қызметкері үшін ақша аударуға ешкім тыйым салмайды. «Біз өз еркімен төлем жүргізетін жеке тұлғалар жөенінде ақпарат жинап, талдау жүргіземіз. Егер парламент депутаттары бұл ұсынысты құптаса, азаматтарда әкімшілік жүктемелерді шешу түйткілі азаяды» деді Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны бірте-бірте азайып келеді. 2003 жылдан бері олардың саны 2,7 млн адам болса, 2017 жылы дерек көздері 2,1 млн адамды көрсетті. Жалпы, экономикалық тұрғыдан халықтың белсенді бөлігі 600 мың адамға жетті. «Қазір мемлекет еңбек нарығында өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды біріздендіруді қолға алды. Оларды міндетті медицианалық сақтандыру мен әлеуметтік сақтандыру көмегін алу үшін есепке алып, зейнетақылық төлем алу жүйесіне енгізу көзделді. Ол үшін бірыңғай төлемді енгізу жоспарланбақ. Біз жаңашылдықтан қалып жатқан жоқпыз. Мұндай үрдіс экономикалық дамуы ұқсас көрші Ресейде де жүзеге асуда», – дейді Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. Айта кету керек, ауылды жерде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 1,5 млн адамнан 1,2 миллионға азайды. «Халық ауылдан тұрақты жұмыс таба алмады. 2015 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеушілердің саны 230 мыңға азайып кетті. Олар зауыттарда жұмыс істемейді. Есесіне, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілердің саны 17 мыңға ғана өсті. Құрылыс алаңдарындағы жұмысшылардың саны қысқармады. Шын мәнінде, жұмыспен қамтылғандардың саны кейбір салада, мәселен соңғы үш жылда сауда саласында 90 мың адам, жылжымайтын мүлік саласында 80 мыңды, ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында 80 мың адамға жетті», – деді депутат. Оның пікірінше, бұл көрсеткіш еңбек нарығының көлеңкелі жағын емес, еліміздің экономикасының нақты дамуын көрсетеді. «Меніңше, жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын жасақтау керек. Егер тұрғын шаруашылық қожалығын тастап, базарға кетсе, бұдан жақсы нәтиже көру әбестік. Ең бірінші орында әр салада жұмыс орнын ашу керек, содан кейін ғана жұмыспен қамтудың тетігін қарастырған жөн. Әзірге бізде арба аттың алдына түсіп кеткен сияқты», – деді депутат.