Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жәмішев "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің құрамына енді

Жәмішев "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің құрамына енді

Қазақстан. 5 шілде. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды. Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына енгізу компанияның «Самұрық-Қазына» қорының қызметін бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі болып саналады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Болат Жәмішев ағымдағы жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын басқаратыны белгілі.

Болат Жәмішев әр жылдары қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразия даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды. Ғылыми дәрежесі – Экономика ғылымдарының кандидаты.

Похожие материалы